Құқық бұзушылыққа бой алдырмау

05.04.2021 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, 1- курс студенттері, қыздардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, құқық бұзушылыққа бой алдырмау, алдын алу және полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысу мақсатында ҚБАЖ меңгерушісі Р.Б. Усеновпен Жамбыл облыстық ПД мұражайына барып қайтты. Мұражай басшысы Зияутдинова Гульчехра Юсуповна колледж студенттеріне халық қаhарманы Ғ. Байтасовтың ерлігі туралы және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, бейнеролик көрсетіп, құқық бұзушылыққа жол бермеу, қылмыстың түбі жаза екендігін айтып, жеткіншектерді бұзақылық жасамауға шақырды.