Колледжішілік байқау

04.12.2019 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Ақпараттық технологиялар орталығының » ұйымдастыруымен «IT weekend» инновациялық – педагогикалық технологиялар идеялары атты колледжішілік байқау өткізілді. Байқауға тоғыз оқытушы қатысты. Бас жүлде иегері «Тарих» пәнінің оқытушысы Маманова Ш.Т 100.000 тг иегері атанды. I орын иегері «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы Кеңесбекова Ә. Ж 50.000 тг иегері атанса, II орын иегері «Кәсіби ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы Саурбаева Л. Б 30.000 тг иегері атанды. III орын иегері «Анатомия және физиология» пәнінің оқытушысы Бопеева А.А 25 000 тг иеленді. Қалған қатысушыларға Алғыс хат пен 5000 тг-ден берілді.