Колледждің материалдық-техникалық базасы

Колледждің материалдық-техникалық базасы

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде оқу бағдарламасында қарастырылған зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтардың, сонымен қатар оқу практикасының барлық түрлері қарастырылған өзіндік материалдық-техникалық базасы бар. Материалдық-техникалық база қазіргі санитарлық және өрт қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимаратта студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге арналған арнайы жеке куәліктері бар қол жетімділікті басқарудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Турникеттер орнатылды. Білім беру стандарттарымен қарастырылған барлық кабинеттер мен зертханалар екі оқу ғимаратында жұмыс істейді. Аудиториялар мен зертханалардың тізбесі қолданыстағы мемлекеттік білім беру стандартында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде белгіленген тәртіппен бекітілген оқу бағдарламаларында белгіленеді. Кабинеттер «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы, Қазақстан Республикасының «Қазақстанның медициналық колледждерінің одағы» ЗТБ ұсынылған «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін жабдықтау Ережелері» негізінде жабдықталған. Оқу кабинеттері мен зертханаларда тиімді оқу процесін ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған. Мұнда заманауи техникалық құралдар бар: мультимедиялық жабдықтар, видеопроекторлар, жаңа буын компьютерлері, интерактивті тақталар . Колледждің оқу – өндірістік базасы 5 қабатты Ниеткқалиев көшесіндегі №20 ғимаратында және 3 қабатты Пушкин көшесіндегі №22 ғимаратында орналасқан. Колледждің материалдық – техникалық базасы жылдан – жылға жақсаруда. Оқу үрдісін жоғары дәрежеде жүргізу және білікті маман дайындау үшін оқу кабинеттері және зертханалары қажетті оқу құжаттарымен, көрнекіліктерімен, оқу – әдістемелік әдебиеттерімен, техникалық оқу құралдарымен жабдықталған. INTERNET жүйесіне қосылған заманға сай компьютер класстары ашылған. Колледждің Ниетқалиев көшесіндегі №20 ғимаратының жалпы көлемі – 5852,1 м2, Пушкин көшесіндегі №22 ғимаратының жалпы көлемі – 2756,8 м2 шаршы метрді құрайды. Мәдени іс – шаралар өткізетін 2 акт залы, 60 орындық буфет, «Coworking» оқу залы, 1 кітапхана, «Жүректен жүрекке» волонтерлар орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы, 61 – оқу-тәжірибелік кабинеттер: оның ішінде 3 D оқыту құрылғылармен қамтылған «Smart Анатомия», Физиология кабинеттері, Объективті құрылымдық клиникалық сараптама (OSKE) станциясы, аймақтық симуляциялық орталық базасында студенттердің білімін тәуелсіз бағалауды жүргізуге арналған 5 клиникалық станциялар, 4 зертхана, 5 компьютерлік класс, 1-мультимедиялық кабинет, 2-лингафондық кабинет, спорт сауықтыру кешені (ашық алаң) және тренажер залы, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының Pulse TV телестудиясы бар.

Колледждің оқу кабинеттері арнайы пәндер оқу бағдарламасына сәйкес түрлі дәрежедегі тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін робот-симулятор, манекен және муляждар сияқты заманауи симуляциялық оқыту құралдарымен қамтамассыз етілген.