Колледждің «Адалдық алаңы», «Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking» оқу орталықтарының ресми ашылуы

12.02.2019 ж. 83 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжде «Жастар жылын» насихаттау және қолдау мақсатында «Адалдық алаңы» дүкені,«Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking»  оқу  орталықтарының ресми ашылуы өтті. Ресми ашылуға шақырылған қонақтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы  бойынша департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  және қалалық филиалдары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, БАҚ өкілдері және колледж әкімшілігі мен оқытушылары қатысты. Қонақтарды колледждің мұражайы, мемлекеттік қызмет көрсету электрондық орталығымен, SMART анатомия кабинеттерімен, мониторинг және білім сапасы кабинеттерімен танысты. «Денсаулық» жаттығу залы, «Адалдық алаңы» дүкенінің ашылу лентасын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы  бойынша департаменті басшысы Р.К.Тюлебаев,«Coworking» оқу  орталығының ашылу лентасын колледждің ардагер ұстазы Д.К. Керімбаева қиды.  «Coworking» оқу  орталығына марқұм Д.М.Жунисованың «Кәсіби қазақ тілі» медициналық оқу орындарына арналған жаңа оқулығының презентациясымен анасы Д.К. Керімбаева таныстырып, кітабын колледжге сыйға тартты.