Кездесу

28.12.2021 ж. Этносаралық қатынастарды дамыту мақсатында «Жаңа діни ағымдардың кері әсері» тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» теолог маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлымен кездесу өтті.
Өткізілетін орны: мәжіліс залы. Өткізген діни сауаттылықты дамыту кеңесінің жетекшісі: Байбосынова А.С
Мақсаты:
Тәрбиелік: студенттің бойындағы ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін адамгершілік идеяларын қуат көзі болатын жеке тұлға тәрбиелеу:
Білімділік: рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып теріс ағымдарға бағытталған қөзқарастардан бас тартуға, өзіндік дұрыс бағдарын таңдауға ықпал жасау:
Дамытушылық: дәстүрлі емес дінінің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлестікті сақтауда оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Әдістемелік мақсаты:
Интерактивті тақтаны пайдалана отырып тақырыпқа байланысты слайдтар көрсету және бейнефильм, презентация арқылы тақырыптың мазмұнын ашып, мақсатына жету.