Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Қазақ әдебиеті пәнінен «Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша Әбденқұлова Б.Л. «Мейіргер ісі» бөлімі, 108 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны Қ.Аманжоловтың суреттеген көркем образдарының, шығармаларының идеялық мазмұнын, оның көзқарасын ұғыну. Студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойларын қорытып, тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу. Сабақ мақсатына жетті және жақсы деңгейде өтті.