«Кәсіпкерлікті дамыту»

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында және «Startup Orda» жобасы жайлы Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттерімен семинар өткізілді. Семинарға арнайы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының маманы Метерова Гульмира Қайратқызы және Тараз қаласындағы » AstanaHub «компаниясының «Startup Orda» жобасының өңірлік өкілі Гүлмира Баяндина келіп жастарға кеңес берді.