Қашықтықтан оқытудағы студенттердің кәсіби практикадан өтуі

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның таралуынан туындаған елде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық оқу орындары, соның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжі қашықтықтан оқыту нысанына ауысты. Барлық оқу сабақтары және практиканың барлық түрлері: оқу тәжірибесі, өндірістік оқыту, кәсіптік тәжірибе қашықтықтан жүргізіледі. 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап «Емдеу ісі», «Фармация» мамандықтарының 4 курс студенттері кәсіптік тәжірибені қашықтықтан оқыту режимінде бастады.

Колледжде қашықтықтан тиімді оқытуды ұйымдастыру үшін Moodle платформасы қолданылады – бұл онлайн-оқыту үшін сайттар құруға мүмкіндік беретін веб-қосымша. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы кез келген курсты студент үшін оңтайлы тәртіпте және білім сапасына зиян келтірмей меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқытушы үшін қашықтықтан оқыту – танымдық үрдісті үйлестіру, оқытуды жетілдіру, жаңашылдықтар мен инновацияларға сәйкес шығармашылық белсенділікті және өз біліктілігін арттыру саласында оның рөлін кеңейту.

Бүгінгі таңда біздің колледжде барлық мамандықтарда қашықтықтан медициналық оқытуды тиімді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған деп сеніммен айтуға болады.