«Қарттарын қадірлеген –ел ардақты»

30.09.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № 3 арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен 1-қазан “Қарттар күні” мерекесіне орай «Қарттарын қадірлеген –ел ардақты» атты колледждің ардагер ұстаздарымен кездесу мерекелік кеші өткізілді. Мерекелік кеште колледждің белсенді студенттері ән, би билеп, ұлттық аспаптармен өнер көрсетті.
Кештің жалпы мақсаты: Ұлы ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік , қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ардагер ұстаздардың еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрену.
Ардагер ұстаздардың құрметіне
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі иегері, кәсіби білім дамуына қосқан үлесі үшін медаль иегері, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Ж.Н. Сарыбекова ардагер ұстаздарды құттықтап сөз сөйледі.
Колледждің ардагер ұстаздарымен виртуалдьі анатомия кабинетінің ашылу бойынша лента қию рәсімін ардагер ұстаз З.Қ.Абубакирова ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Кеш соңында, колледж асханасында «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты өмірден өткен ардагер ұстаздарды еске алып , өткен өмірлерінде атқарған қызметтері бойынша видео ролик түсіріліп еске алу дастарханы жайылып ,құран бағышталып, ас таратылды.