Іздеген – жетер мұратқа

Халқымызда  «Іздеген – жетер мұратқа» деген дана сөз  бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей , Білім- жеңілмейтін қару,  қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз. Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі жарқын болашақ. Болашақ сапалы, саналы орта буын медицина мамандарын даярлауда  Жамбыл жоғары медициналық колледж оқытушылары  аянбай тер төгуде. Олар жастарға білім беріп қана қоймай,  олардың алған білімдерін үздіксіз дамытып,  интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым ізденіп, біліктіліктерін көтеріп, кәсіби құзыреттілігін шыңдауда.Еліміздегі карантин жағдайында да  On-line режимінде колледж оқытушылар  мен студенттер түрлі жарыстарға, байқауларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде.

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерді жеткен жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Сіздерге зор денсаулық, талмас күш-қуат, Жаңа шындарды бағындыру жолында сіздерге табандылық пен шығармашылық табыс тілейміз.

Құттықтаймыз!!!

  1. «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Ағылшын тілі пәнінен ұстаздар арасында онлайн олимпиадасына колледж оқытушысы Б.А.Қырықбаева қатысып, III Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
  1. «ККО.KZ» Веб-сайтымен ұйымдастырған «Ағылшын тілі » пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына колледж студенті А.А.Узбекова  қатысып, II Дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Жетекші: Б.А.Қырықбаева.
  1. «ККО.KZ» Веб-сайтымен ұйымдастырған Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында «Ағылшын тілі» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін,  колледж оқытушысы Б.А.Қырықбаева  Алғыс хатпен марапатталды.
  1. «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық онлайн олимпиадасында студенттерінің өз бетінше жұмыс жасау және алған білімін қолдану дағдыларын дамытуда белсенділік танытқаны үшін колледж оқытушысы  Қ.А.Тойланбаева Алғыс хатпен  марапатталды.
  1. «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Ағылшын тілі пәнінен студенттер арасында онлайн олимпиадасына колледж студенті   Н.Асланова  қатысып, III Дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: Қ.А.Тойланбаева.


Колледждегі білім жүйесінің қарқынды да нәтижелі дамуына зор үлес қосып, заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдарларын ұстанып, табандылықпен еңбек етіп, қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап болашақ мамандардың бойына жеткізе біліп, білімдерін шәкірт санасына сіңіре білген, ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті сапалы атқарғаны үшін, колледж оқытушылары З.С.Ескебекова «Үздік бөлім-2021»,  Г.Н.Джантохова «Үздік оқытушы-2021», Г.Қ.Септесін «Үздік ЦӘК-2021», А.С.Атамбаева «Үздік куратор-2021», Н.Б.Бердіш «Үздік жас оқытушы-2021» және  А.С.Сұлтанғалиева «Үздік маман-2021»    Сертификаттарымен марапатталды.


ШЖҚ «Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық  колледжі» МКК ұйымдастыруымен қолданбалы бакалавр оқытушыларына арналған  Қазақстан Республикасындағы медициналық колледждер арасында қашықтықтан өткізілген «Үздік бейне сабақ» байқауына колледж оқытушысы Ә.Қ.Баетова қатысып, III Дәрежелі Дипломмен марапатталды.


  1. «ККО.KZ» Веб-сайтымен ұйымдастырған Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында «Ағылшын тілі» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін,  колледж оқытушысы А.С.Атамбаева  Алғыс хатпен марапатталды.
  2. «ККО.KZ» Веб-сайтымен ұйымдастырған «Ағылшын тілі » пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына колледж студенті А.Мұхтарқызы қатысып, I Дәрежелі Дипломмен, А.А.Оман III Дәрежелі Дипломмен   марапатталды. Жетекшісі: А.С.Атамбаева.
  3. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұзтаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадаға колледж оқытушысы А.С.Атамбаева қатысып, II Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
  4. www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайты Ағылшын тілінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасына колледж студенттері З.Е.Орал, А.Б.Тәліппай қатысып I Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.С.Атамбаева.

17.06.2021 күні ауқымды жобаны жүзеге асыру мақсатында өз үлесімізді қосып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Жомарт түлек» жобасы аясында, медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында түлектер кездесуіне арнап іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Медицина мамандығының ерекшеліктері туралы, мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісіп, сұхбаттасу.

Студенттік өмірдің қан майданынан өткен түлектеріміз ортамызға шақырып, аталған іс-шараның Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесімен тұспа-тұс келуіне орай, Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің ардагер түлектерін мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін, тілектерін айтып өтті.

Бүгінгі таңда Жамбыл жоғары медициналық колледжі заман талабына сай болашақ орта медицина мамандарын даярлау мақсатында, өздері ұшып шыққан ұяларына аянбай қызмет етіп жүрген түлектерімізде баршылық. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасынан кейін колледжі бітіріп, одан кейін бірнеше жоғары оқу орындарын тамамдап, өзі ұшып шыққан алтын ұясында жас ұрпаққа білім беріп, аянбай еңбек етіп жүрген 29 оқытушы түлектеріміз кездесуге шақырылды.
Кездесу соңында түлектер колледждің дамуына деп қаржылай сыйлық тарту етті, ал колледж әкімшілігінен түлектерге «Жомарт түлек-2021» төсбелгісі мен алғыс хаты табысталды.


«Жамбыл жоғары медициналық колледжі ШЖҚ КМК» ұйымдастыруымен «Тұрғындардың денсаулығын сақтау – жаһандық пандемияны жеңудің кепілі» тақырыбында өткізілген үйірме жұмысының 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік ғылыми жұмысы үшін I  Дәрежелі Дипломмен  «Рефлекс» үйірме мүшесі Г.Дүйсенова, ғылыми-жетекшісі Н.Б.Бердіш, II Дәрежелі Дипломмен «Эврика» үйірме мүшесі А.Сокуренко, ғылыми-жетекшісі Д.Н.Токсанбаева, III Дәрежелі Дипломмен «Ізденуші биолог» үйірме мүшесі А.Айтбайқызы, ғылыми-жетекшісі А.Т.Көбегенова, III Дәрежелі Дипломмен «Милосердие» үйірме мүшесі Ш.Исмаилова Дипломдармен және конференцияда көрсеткен жаңашылдығы үшін «Нозология» үйірме мүшесі Қ.Бәйтек, ғылыми-жетекшісі Г.К.Септесін, жақсы шығармашылық жұмысы үшін «Галилео» үйірме мүшесі А.Отарғали, жетекшісі А.Қ.Құдайбергенова,  ғылыми ой танытқан жұмысы үшін «Скальпель» үйірме мүшесі А.Сметуллаева, жетекшісі А.М.Даулетов, өзекті жұмысы үшін «Авиценна» үйірме мүшесі Ұ.Мусабаева, жетекшісі Ф.Қ.Бекетаева, көрсеткен жаңашылдығы үшін «Алтын құрсақ» үйірме мүшесі Ұ.Рахметова, жетекшісі А.М.Жақай Мақтау қағазымен марапатталды.


«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік  одағы. Медицина қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында денсаулық саласында  адал  еңбегі және кәсіподақ  қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін колледж оқытушылары мен қызметкерлері: Ж.Б.Иманбекова, Ф.Қ.Жапаркулова, А.Б.Айдралиева, Ұ.Е.Дүйсембаева, Г.Қ.Септесін, Р.Д.Мухажанова,  А.С.Султанғалиева, Д.Е.Амантаев, Н.Ж.Мамытбаев  Құрмет Грамоталарымен марапатталды.


«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік  одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісінің куәлігімен  колледж оқытушысы  Н.М.Мұраталиева марапатталды.


Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін және Медицина қызметкерлері  күні мерекесіне орай колледж оқытушысы А.Т.Парманова  Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы. Медицина қызметкері күні мерекесіне орай, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қосқан  қомақты үлесіңізбен көпжылдық жемісті еңбегі үшін колледж оқытушысы А.К.Серкебаева  Алғыс хатпен марапатталды.


Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен медицина қызметкері күні мерекесіне орай «Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»  колледж  оқытушысы Ф.Д. Тұрмысова   марапатталды.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігің  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін  колледж оқытушысы А.М.Мадибраимова марапатталды.


Болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері және жас маманға үздік әдістемелік көмек көрсетудегі еңбегі үшін Әдістемелік мектептің ұйымдастыруымен өткізілген «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты қорытынды есеп беру кешінде тәлімгерлер:  Б.С.Мадимарова, Ж.Р.Алтынбекова, А.К.Серкебаева, А.Б. Айдралиева, Д.Қ.Назар, Ф.Д.Турмысова, А.М.Дәулетов, Л.Б.Саурбаева және  семинарларда өз тәжірибесімен  бөліскен оқытушылар  Ж.Н.Айдабосынова, А.К.Коконбаева, А.К.Кудайбергенова мен  бағдарламалық қамтамасыз ету маманы  А.С.Сұлтанғалиева Алғыс хатпен, жас мамандар  Г.Қ.Септесін,  Г.Б. Таңат Мақтау қағазымен марапатталды.


Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беру пәндер бойынша «Мақсатқа жету жолы» Халықаралық қашықтық олимпиадасына колледж оқытушысы Г.Н.Джантохованың жетекшілігімен студенттері Түменбек А.О., М.Н.Өмірова қатысып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін III дәрежелі Дипломмен, Н.М.Айдилова, Г.Қ.Айшабек, А.Н.Аяпбергенова, Г.А.Берікбай, А.М.Усербаева, А.Ә.Жұманғали, А.Б.Несіпбай, Ш.С.Сейткерім, М.Ж.Қуанышбай, А.М.Абуова Сертификатқа ие болды.


Ұлттық қауымдастық басқармасының ұйымдастыруымен «Инновационный менеджмент в супервизии и тьюторстве в практическом здровоохранении» атты тренингке колледж оқытушылары Ұ.Е.Дүйсембаева, С.Г.Бибосынова қатысып, әлеуметтік бағдарланған БМСК-тің оң өзгерістеріне белсенді қатысқаны, жемісті ынтымақтастығы және өзара түсіністігі үшін Алғыс хатпен және Сертификатпен марапатталды.


Үлкен Халықаралық энциклопедия.
Мемлекетаралық сараптама кеңес төралқасының ұсынысымен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-ның білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, жұмысының нәтижелігі мен табыстылығы үшін «Үздік білім беру мекемелері» номинациясының 1-ші Дәрежелі Дипломымен марапатталды.


Жезқазған қаласы жоғары медициналық колледжінің 60 жылдығына арналған «Мейіргерлерді оқытудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледждің 117 топ студенті А.Е.Сокуренко қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Қ.Ж.Айдарбекова.
Сондай ақ, конференцияға колледждің студенті белсенді қатысқаны үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.


Сібір өңіраралық орта кәсіптік медициналық білім беру жүйесі қызметкерлерінің қауымдастығы, «Тулун медициналық колледжі» облыстық
мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесінің ұйымдастыруымен
«Бәсекеге қабілетті маман даярлаудың шарты ретінде цифрландыру шеңберінде білім беру үдерісінің нысандарын, әдістері мен технологияларын жетілдіру» атты педагогтардың аймақаралық сырттай ғылыми-практикалық конференциясына колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі Л. Қ. Мейірманова қатысып, «Тәрбие жұмысында АКТ қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында мақала жариялағаны үшін Сертификатқа ие болды.


Украина Ұлттық фармацевтикалық университетінің жанындағы кәсіптік колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Химия бүгін және болашақта» халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледждің 216-топ студенті Ғ.Амалбекова «Заманауи мәселелер және оларды шешу жолдары » тақырыбында қатысып, жетекшісі Р.Т.Нұрбаева Сертификаттарға ие болды.


Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік жас ақын-2021» атты республикалық байқауға колледждің 311 топ студенті А.О.Қалмұхамбет қатысып, 🥇Дәрежелі Дипломмен, жетекшісі Д.А.Зиябекова Алғыс хатпен марапатталды.


Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру пәндер бойынша «Мақсатқа жету жолы» Халықаралық қашықтық олимпиадасына колледж оқытушысы Б.А.Сағындықованың жетекшілігімен студенттері А.Өмірбай, У.С.Бекмуратова қатысып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін 3-дәрежелі Дипломмен; А.Асқарова, Д.Абдибалиев Сертификатқа ие болды.


Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймақтық медицина колледждерінің білім алушыларының арасында өткізілген олимпиадаға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 401 топ студенттері қатысып, М.Ғ.Қуандық, А.М.Әбдібаева, А.Н.Мұхитова жүлделі 1-орынға және Ә.С.Есқалиева, М.Е.Айтқұлова, Г.А.Нургалиева 2-орынға ие болды. Жүлдегерлер Дипломмен марапатталды.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймақтық медицина колледждерінің білім алушыларының арасында өткізілген олимпиадаға белсенділік танытқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледж оқытушысы Р.У.Джантасова Құрмет грамотасымен марапатталды.


«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтың шығармашылық бастамасы» атты VII Республикалық оқытушылар сайысында «Сабақтан тыс іс-шаралар» номинациясы бойынша колледж директорының оқу-өндірістік ісі-жөніндегі орынбасары Қ.Т. Андакулова 2-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.
«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтың шығармашылық бастамасы» атты VII Республикалық оқытушылар сайысында «Сабақтан тыс іс-шаралар» номинациясы бойынша колледж оқытушысы С.Г.Бибосынова 2-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.


15 – сәуір «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні мерекесіне орай, Жеңіс саябағында ұйымдастырылған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты байқауда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттері Сайдуллаев Айбек пен Оңалбек Аружан Бас жүлде иегері атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!


Silkway Халықаралық университеті мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты Республикалық пікір сайыс турнирінде колледждің «Емдеу ісі» бөлімі, 417 топ студенті Серікұлы Нұрдаулет «Пікірсайыс жанашыры» номинациясын иеленіп, қаржылай сыйлық алды.
Silkway Халықаралық университеті мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 3️⃣0️⃣жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты Республикалық пікір сайыс турнирінің жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқаны үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.


2021 жылдың 10-11 сәуір күндері Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекованың қаржылай қолдауымен «Емдеу ісі» бөлімі, 417 топ студенті Серікұлы Нұрдәулет Түркістан қаласында өткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «ІКТU DC»пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен болған «Болашағымыз бірлікте ІV» Ясауи кубогі республикалық пікірсайыс турниріне қатысып «Ең үздік спикер» атағын иеленді.


Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен. «Озық әдістемелік қызмет» байқауына қатысып, ұйымның оқу-әдістемелік әлеуетін арттырудағы сапалы қызметі үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжі III Дәрежелі Дипломмен марапатталды .

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Фармация» мамандығы бойынша білім алатын бітіруші түлектер арасындағы «Үздік фармацевт – 2021» Республикалық кәсіби онлайн сайысқа қатысып, біліктілігін көрсете білгені үшін «Фармация» мамандығы, 422 топ студенті М.Т.Убаеваға Сертификат берілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Фармация» мамандығы бойынша білім алатын бітіруші түлектер арасындағы «Үздік фармацевт – 2021» Республикалық кәсіби онлайн сайысқа қатысқан студентке жетекшілік жасаған колледж оқытушылары Қ.Т.Андакулова мен Ұ.М.Ахметова Алғыс хатпен марапатталды.

Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттады. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Жүректен жүрекке» еріктілер орталығы қоғам игілігіне жасаған қайырымды жұмыстары үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Рухани жаңғыру” ақпараттық-сараптамалық орталығы және “Тағылым” республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған “Үздік педагогикалық мақала” республикалық конкурстың “Үздік баяндама” номинациясы бойынша колледж оқытушысы Г.Танат 1- Дәрежелі Дипломмен және Сертификатпен марапатталды.

2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының  сайлауын өткізу мен даярлау барысында белсенділік танытқаны үшін  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры  Ж.Н.Сарыбекова  Тараз қаласының әкімінің  Алғыс хатымен  марапатталды.

Жамбыл жоғары медициналық колледжі, 105-М 9/20 топ студенті Қуанышбай Мейрман, облыстық “Antikor – терме” атты жас ақындар байқауына қатысқаны үшін III дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды🏆Марапатыңыз құтты болсын!!!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген  «Үздік бейнесабақ» облыстық онлайн-байқауына  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Г.Қ.Септесін қатысып, жүлделі   I орынға ие болып,  Дипломмен марапатталды

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «АЙБЫН – 2020» республикалық әскери – патриоттық байқауына белсенді қатысқаны үшін, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 404 – топ студенті Жанерке Алтыбайқызы марапатталды. 🏆Жетекшісі: Усенов Р.Б., Бегалиев Ж.Б.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін,  колледж  директоры  Ж.Н. Сарыбековаға  Алғыс  жарияланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін,  колледж оқытушысы А.Б. Амангелдиеваға  Алғыс жарияланды.

«Санкт-Петербург  мемлекеттік  кино және телевидение институтыңың»  ұйымдастыруымен  Жеңістің 75 жылдығына арналған еске алу және Даңқ жылы  аясында (бейнероликтер  форматында) оқушылар мен студенттерге арналған «Адам құқықтары біздің көзімізбен» атты Халықаралық байқауда колледж  студенті А. Анарбековаға  Сертификат  берілді.

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Тәуелсіздік туыммен тұғырлы, Елтаңбаммен еңселі» атты Республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін колледж оқытушысы Нұрзада Беріктемірқызы Бердіш І 🥇дәрежелі Дипломмен, төсбелгімен марапатталды. 👏Оқытушы мақаласы «Тәуелсіздік туыммен тұғырлы, Елтаңбаммен еңселі» атты Республикалық материалдар жинағына жарияланды.

«USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы колледждің 2 курс студенті Қ.Н.Тақмай  I дәрежелі  Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: А.С. Атамбаева.

«USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы колледждің 2 курс студенті Н. Б. Солтангазина  I дәрежелі  Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: А.С. Атамбаева.

«KKO.KZ» ВЕБ-сайтымен ұйымдастырылған «Ағылшын тілі» бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға, қытысып колледж студенті Ж.Р. Ашенова I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.С. Атамбаева.

«KKO.KZ» ВЕБ-сайтымен ұйымдастырылған «Ағылшын тілі» бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға, қытысып колледж студенті А.С. Куантаева II дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.С. Атамбаева.

«USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Ағылшын тілі пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы колледж оқытушысы Қ.А. Тойланбаева 3 дәрежелі Дипломмен  марапатталды.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өткізген халықаралық онлайн конференциясына колледж студенті А.О. Лунева қатысып, Сертификатқа ие болды. Жетекшісі: К.А.Тойланбаева.

«USTAZ  TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Республикалық ағылшын тілі пәнінен студенттер  арасында олимпиадасының жеңімпазы колледждің III курс студенті Д.Ж. Момынханова  2 дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: Б.А.Қырықбаева.

«USTAZ  TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Республикалық ағылшын тілі пәнінен студенттер  арасында олимпиадасының жеңімпазы колледждің III курс студенті А.Қ. Мадешова  3 дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: Б.А.Қырықбаева.

«USTAZ  TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Республикалық ағылшын тілі пәнінен студенттер арасында олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін  колледж оқытушысы Б.А. Қырықбаева Алғыс хатпен  марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен,  жаңартылған     білім беру бағдарламасы аясында «Дене шынықтыру» жалпы білім беру пәнінен колледж  оқытушыларының біліктілігін арттыру курсын жүргізгені үшін тренер М.Т. Досжанова Алғыс хат берілді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғыс хатымен  колледж оқытушысы М.Ж. Жакипова марапатталды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғыс хатымен  колледж студенті  Д.А. Омар марапатталды.

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер, инновациялар» атты ІІІ Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында ІІ орынды «Емдеу ісі» бөлімі, 311топ студенті  А.Е. Шаншархан иеленіп,  Дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: С.А.Орынбек.

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер, инновациялар» атты ІІІ Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін колледж оқытушысы  С.А.Орынбек  Дипломмен марапатталды.

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен, «Фармация» мамандығы бойынша білім алушылар арасында «Фармацевт өмірінің бір күні»атты республикалық эссе байқауына қатысқаны үшін колледж студенті  Қ. Қадір қатысып, Сертификатқа ие  болды.  Жетекшісі Ұ.М.Ахметоваға студенті сайыста жақсы нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

21.01.2021 жылдың күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысы бойынша “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі”  және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен “Сыбайлас жемқорлық бұл теріс заңды және әлеуметтік құбылыс” тақырыбындағы облыстық пікірсайысқа қатысқан  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттері Ермек Тілеген мен Амангелді Ұлжан жүлделі бірінші орынды иеленді.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы ШЖҚ   Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Коронавирус (Pandemic Covid-19): салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» тақырыбындағы ҚР медицина колледж студенттерінің ғылыми-ізденіс конференциясына  ізденіс  жұмысын ұсынып, жақсы оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК студенті А.Е. Байболатова III – дәрежелі Дипломмен және Сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: З.С. Ескебекова.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «ҚР медициналық колледждер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Коронавирус (Pandemic Covid-19): салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» тақырыбындағы ҚР медициналық колледж студенттерінің ғылыми-ізденіс конференциясына үздік жұмысын ұсынып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК студенті Е.Т. Насихатұлы I-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Л.Т. Қуанышбекова.

«Акушер ісі  мамандығы студенттерінің өзіндік жұмысын дайындауға арналған үздік әдістемелік нұсқаулық»  бойынша  өткен республикалық байқауға «Жүктілік физиологиясы. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістері» тақырыбында колледж  оқытушысы Ф.Д.Тұрмысова  қатысып,  Сертификатқа ие болды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Аналар» кеңесінің ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру – берекелі отбасынан басталады» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысқаны үшін колледж студенттері және  З.Нарчаева, М.Ерова, Б.Мукашева, А.Сокуренкоға Сертификат берілді. Жетекші: Қ.Ж. Айдарбекова.

OQU-ZAMAN қосалқы білім сайтының ұйымдастыруымен «Кәсібиліктің құпиялары 2020» атты Республикалық қашықтық конкурсында колледж оқытушысы А.Б. Амангелдиева 1 орынға ие болды.

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Жас білімпаз» атты қашықтықтан өткізілген XI Республикалық оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында колледж студенттері Ж.Б. Бегманова және  Г.Д. Дүйсенова 1 орынға ие болды. Жетекші: Н.Б.Бердіш.

.»Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «»Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» әдістемелік онлайн-семинарға қатысқаны үшін колледж оқытушысы Т.С.Алимкуловаға Сертификат берілді.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан  2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасына белсенді түрде ат салысқаны және жобаның дамуына зор үлес қосқаны  үшін М.Ж.Жакипова Алғыс хатпен марапатталды.

«SEVIBA: Образование» желілік басылымына материал жариялағаны үшін колледж оқытушысы Т.С.Алимкуловаға Сертификат берілді.

Ұлттық бизнес рейтингі бойынша ШЖҚ КМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қазақстан экономикасы мен кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосқан үлесі және нәтижелі қызметі үшін «Сала көшбасшысы-2020» атағына ие болды.

Шымкент қаласында ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК-нің 90-жылдығының аясында «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу:қызығушылық, ізденіс, ынтымақтастық» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға анатомия пәнінің оқытушылары Ұ.Е.Дүйсенбаева, Д.Қ.Назар, Н.Б.Бердіш сертификаттармен марапатталынды.

Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Ф.Найтингейл  және Қазақстандағы мейіргер ісінің дәстүрлері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледж студенті Ә.Қасымханға және колледж оқытушысы   Г.С. Токкулиеваға  СЕРТИФИКАТ  берілді.

Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Ф.Найтингейл  және Қазақстандағы мейіргер ісінің дәстүрлері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледж студенті  Ш. Исмаиловаға және колледж оқытушысы Р.Д. Мухажановаға  СЕРТИФИКАТ  берілді.

Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Ф.Найтингейл  және Қазақстандағы мейіргер ісінің дәстүрлері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледж студенті  К. Танкишеваға СЕРТИФИКАТ  берілді.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін»  колледж оқытушысы Ж.Р. Алтынбековаға Алғыс жарияланды.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың бұйрығымен «Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі А.Е.Исмаилова  Құрмет  Грамотасымен  марапатталды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер Педагог – 2020» атты ІІ халықаралық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін Исмаилова А.Е. І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Үздік қазақ тілді интернет – сайт сывйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интелектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Жыл үздігі – 2020» атты шығармашылық байқауына «Үздік баяндама» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін Исмаилова А.Е. І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік жас маман-2020» атты Республикалық байқауға қатысып,  жеңімпаз атанғаны үшін А.К. Коконбаева І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласын педагогтар арасында  кеңінен насихаттау мақсатында өткен  «Үздік жас маман-2020» атты Республикалық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне  қолдау көрсетіп, өзіңіз басшылық жасап отырған мекемеден педагогтарды шараға қатыстырғаны үшін колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.

“Үздіктерді таңдау” атты облыстық байқауында “Жылдың үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы” номинациясымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Жастар ісі жөніндегі инспекторы және студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантаев Данияр Ерболатұлы марапатталды. Жеңісіңіз құтты болсын! 🏆🥇💥👏

Bilim-orkenieti” Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды оқушылардың қаблетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Үздік ғылыми жоба-2020» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанғаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Әлмхан І. ІІ дәрежелі Дипломмен және Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды. Жетекшісі колледж оқытушысы А.К. Серкебаева.

“Bilim-orkenieti” ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫның ұйымдастыруымен «Дарынды оқушылардың қаблетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін колледж оқытушысы Н.М.Мураталиева І дәрежелі Дипломмен марапатталды..

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша орта буын медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлауда және тәрбие беруде елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы үшін «Үздік ашық сабақ» номинациясымен Ж.А.Токташева, Л.Б. Саурбаева, Ұ.Е.Дүйсембаева; «Үздік үйірме – 2020» номинациясымен А.Р.Байбулекова; «Үздік облыстық іс-шара – 2020» номинациясымен Ж.Б.Бегалиев, Б.А.Сагиндыкова; «Үздік жас маман -2020» номинациясымен Н.Б. Бердіш, А.К. Коконбаева; «Үздік тәрбие жұмысы – 2020» номинациясымен А.Т. Кобегенова Дипломдармен, «Ақпараттық технологияны пайдалану шебері» номинациясымен А.К. Кудайбергенова Мақтау қағазымен марапатталды.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен колледж оқытушылары Э.Ж. Кудебаева, Р.Т. Нурбаева, С.Г.Бибосынова, А.Қ.Баетова, Б.Б.Блейменова, Ж.С.Жарасова Ф.Д.Тұрмысова, А.Д. Бахаева, М.Т.Досжанова, Ш.М. Нурпейсова марапатталды.

«Ұлттық денсаулық сақтау палатасы« жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы Құрмет грамотасымен колледж оқытушылары Тұрмысова  Ф.Д. Серкебаева А.К., Даулетов А.М., Джантасова Р.О., Ералиев М.Л. марапатталды.

   

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, медицина мамандығын үлкен ықыласпен атқарып, еңбек адамын салауаттылыққа бағыттап, кәсіподақ қозғалысына да белсенді ат салысқаны үшін колледж оқытушысы Б.Б. Блейменова марапатталды.

Болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жеттістіктері және жас маманға үздік әдістемелік көмек көрсетудегі еңбегі үшін Әдістемелік мектептің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз!» атты қорытынды есеп беру кешінде Б.С. Мадимарова, Н.Ж. Абдраимова, Э.Ж. Кудебаева, Ж.Р. Алтынбекова,  Н.Е. Джампеисова, А.А. Бөпеева, Ұ.Е. Дүйсембаева, А.Т. Кобегенова, О.А. Махамбетова, Р.Д. Мухажанова, А.Н. Өскенбаева, А.Т. Парманова, Л.Б. Саурбаева, А.С. Ташмағанбетова, Ж.А. Тоқташова Алғыс хатпен марапатталды.

Болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен колледждегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны, Әдістемелік мектептің ұйымдастырумен өткізілген «Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз» атты қорытынды есеп беру кешінде мәнді шығармашылық жұмыс көрсеткені үшін колледж оқытушылары А.Р.Байбулекова; Н.Б.Бердіш, А.К. Коконбаева, Г.С.Токкулиева, А.Б. Амангелдиева, Н.А. Касымов Мақтау қағазымен марапатталды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында
кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты
Республикалық байқауына колледж оқытушысы З.С. Ескебекова қатысып, жеңімпаз атанып, «Жылдың үздік ұстазы»төсбелгісімен марапатталды.

“PLANET SKILLS” халықаралық ағартушылық жобасының ұйымдастыруымен ІІІ «Қашықтықтан оқытудың үздік педагогі» Республикалық кәсіби сайысында ұсынылған жұмысы үшін Жамбыл жоғары медициналық колледж оқытушысы А.А. Буксукбаева І дәрежелі Дипломмен және Сертификатпен марапатталды.

Халықаралық қатысулармен өткізілетін Республикалық шығармашылық конкурстар ұйымдастыруымен өткен «Конкурс үздік ашық сабақ» атты халықаралық дәрежеде өткізілген конкурсқа қатысып, жүлделі орын иегері атанғаны үшін І дәрежелі Дипломмен, Сертификатпен Жамбыл жоғары медициналық колледжі, «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы А.Р.Байбулекова марапатталды.

Халықаралық қатысулармен өткізілетін Республикалық шығармашылық конкурстар ұйымдастыруымен өткен «Конкурс сабақтың үздік презентациясы», «Конкурс үздік педагог» атты халықаралық дәрежеде өткізілген Республикалық шығармашылық конкурстарға қатысқаны үшін Жамбыл жоғары медицицналық колледж оқытушысы А.К.Коконбаева І дәрежелі Дипломдармен және Алғыс хатпен марапатталды.

Халықаралық қатысулармен өткізілетін Республикалық шығармашылық конкурстар ұйымдастыруымен өткен «Конкурс үздік замануи сабақ» атты халықаралық  дәрежеде өткізілген Республикалық шығармашылық конкурсқа қатысқаны үшін  Жамбыл жоғары медицицналық колледж оқытушысы А.Ж. Қоқанова Сертификатқа ие болып, І дәрежелі  Дипломмен марапатталды.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т. Маманова ақпараттық технологияларды білім беру қызметінде белсенді қолданғаны үшін Құрмет грамотасымен, «Педагогикалық тәжірбие жинағы – 2020» атты қашықтықтан педагогикалық жобаға қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.

 

«USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық Педагогика: дәстүрлер мен инновация ұстаздар арасында Олимпиадасының жеңімпазы Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Клиникаға кіріспе» пәні оқытушысы Г.С. Токкулиева І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Конференция балалар мен жасөспірімдер психологиясы: теориясы мен  тәжірбиесі» атты халықаралық дәрежеде өткізілген республикалық ғылыми- тәжірбиелік конференцияға «Мейіргер ісі» бөлімінің 106 топ студенті Амантаева Фариза  қатысып, жүлделі І – дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.Н. Оскенбаева.

Республикалық «Үздік педагог» Блиц-турнирінің 2 орын жеңімпазы Жамбыл жоғары медициналық
колледжінің «Мейіргер ісі» пәні оқытушысы Г.С. Токкулиева ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Феникс» халықаралық орталығының ұйымдастыруымен дүние жүзі тарихы пәнінен өткен олимпиадада І дәрежелі Дипломмен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері Тлеубергенова Айдана, Тақымай Қаламқас Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәнінің оқытушысы Г.Ж. Иманалиева.

«Феникс» халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы» пәнінен өткен олимпиадада І дәрежелі Дипломмен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Лескалиев Мирас Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәнінің оқытушысы Г.А. Сыздыкова.

“GLOBUS” Республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушыларымен мен студенттердің Республикалық пән олимпиадасында І орынға ие болғаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенті Нұрғабыл Аружан Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: орыс тілі және Орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Б.Иманбекова.

“GLOBUS” Республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушыларымен мен студенттердің Республикалық пән олимпиадасында І орынға ие болғаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері Жекен Аружан, Абдыхаева Қарақат, Сағын Ұлдана, Нұрғабыл Аружан, Еркін Инабат, Жолдықұлова Аружан, Тұрғанғали Аружан Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Информатика пәнінің оқытушысы К.К. Сарыбаева Грамотамен марапатталды.

Конкурс үздік сабақ жоспары атты халықаралық дәрежеде өткізілген  Республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып, жүлделі орын  иегері атанғаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Л.К. Мейрманова І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Феникс» халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Орыс тілі» пәнінен өткен олимпиадада жоғары көрсеткіштері үшін «Мейіргер ісі» бөлімінің 104 топ студенті  Жекенова Аружан І дәржелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Л.К. Мейрманова.

«Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясының» ұйымдастыруымен өткен дүниежүзі тарихы пәні бойынша халықаралық олимпиадада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 107 топ студенттері Жалғасбаева Жансая, Теңгебай Ранат, Рябинова Назерке жеңімпаз атанып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ш.Т. Маманова.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті  «Шерхантану» ғылыми – зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» философиялық шығармасынан үзінді оқу  Республикалық онлайн байқауына қатысқаны және белсенділік танытқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық коледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы 207 топ студенті Отарғали Айдана Сертификатпен марапатталды. Жетекшілері: Л.Қ.Мейрманова, Д.Е. Амантаев.

«Конференция балалар мен жасөспірімдер психологиясы: теориясы мен  тәжірбиесі» атты халықаралық дәрежеде өткізілген республикалық ғылыми-
тәжірбиелік конференцияға «Емдеу ісі» бөлімінің 113 топ студенті Усенова Айгерім  қатысып, жүлделі І – дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.Н. Оскенбаева.

«Сова» халықаралық зияткерлік білім орталығының ұйымдастыруымен
өткен ІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасына биология пәні бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 408 топ студенті Кертаева Әсем қатысып, І-орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А.Т. Көбегенова.

Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясының ұйымдастыруымен өткен «Дүние жүзі тарихы» пәнінен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 107 топ студенттері жеңімпаз атанып Мырзақұл Аяулым,Кертаева  Әсем, Булатова Салтанат I дәрежелі Дипломдармен марапатталады. Жетекшісі: Ш.Т.Маманова.

«Конференциялар балалар мен жасөспірімдер психологиясы: теориясы мен тәжірибесі» атты халықаралық дәрежеде өткізілетін Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жүлделі орын иегері атанғаны үшін I дәрежелі Дипломмен Таңсықбаева Ұлдана марапатталды. Жетекшісі: А.Н.Оскенбаева Алғыс хатпен марапатталды.

«Жас ғалым» атты XIII Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Вердиева Ругая Мамед-Али гызы II-ші орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Н.Б.Бердіш Дипломмен марапатталды.

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР мектептері мен колледждерінің арасында on-line Чемпионатында «За патриотизми духовность» және «Выбор пользователей» номинацияларының жеңімпазы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» 3 курс студенті Әбдіғалым Жамбыл Грамотамен марапатталды.  Жетекшісі №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушысы А.К. Құдайбергенова «Мир волонтерства #Біз біргеміз» on-line Чемпионатына студентті дайындағаны үшін Алғыс хатқа ие болды.

    

«PLANET SKILLS» Халықаралық ағартушылық жобасы негізінде «Лучшее из лучших»  III Республикалық кәсіби байқауына қатысып,  «Лучшая творческая работа» номинациясы бойынша II дәрежелі Дипломмен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Э.Б. Бердалиева  марапатталды.

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ТарМПУ. «Ұстаз» спорттық клубы. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ. Облыс бойынша ЖОО және колледж студенттері арасындағы «Бес асық»  спорт түрінен өткен онлайн турнирінде жеңіске деген құштарлығы үшін «Емдеу ісі» 113 топ студенті Усенова Әйгерим Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: С.А. Ахметов.

Ресей Федерациясы, Сібірдің орта кәсіптік медициналық білім беру аймақаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Вечный подвиг – он вам по плечу…» тақырыбында қашықтықтан қатысу жүйесінде өткізген халықаралық бейнеролик байқауының қорытындысы.

«Медицинский работник на войне» номинациясы бойынша:

«Емдеу ісі» бөлімі, 111 топ студенті  Цой В. «Жамбыльские медики в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг» тақырыбында өткен халықаралық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.  Жетекшісі: №1 әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Ашимова Ш.Е.

«Медицинское учебное заведение в 1941-1945гг» номинациясы бойынша:

«Мейіргер ісі» бөлімі, 209 топ студенті  Аманкелди У. «Вечный подвиг – он вам по плечу…» тақырыбында өткен халықаралық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: №1 әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Айдабосынова Ж.Н.

 

Облыстық  «Адалдық – адамдықтың белгісі» онлайн пікір сайыс турнирінен  1-орын ды Темірболат  Назерке және  «Үздік талпынысы үшін» Амангелді Ұлжан  марапатталады.  Жетекшісі: №1 әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Айдабосынова Ж.Н

«ZIAT әдістемелік орталығының  28.01.20 жылы  «Заманауи сабақ» атты қашықтықтан өткізілген  VI Республикалық педагогтар сайысында  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  оқытушысы Парманова Алтынай Тамбесовна қатысып  І-орынға ие болды.

ZIAT әдістемелік орталығының  28.01.20 жылы  «Педагогикалық идеялар»  атты қашықтықтан өткізілген  ІV Республикалық педагогтар сайысында  «Сыныптан тыс  іс-шара» номинациясы бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  оқытушысы Парманова Алтынай Тамбесовна қатысып  І-орынға ие болды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А. Ердембеков колледж әдіскері Л.К.Батаевға «Шет тілін оқытудағы инновациялық технологоиялар» атты республикалық ғылыми – әдістемелік семинарда инновациялық технологияларды қолдануда бағдар беруде қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Алғыс хатпен марапатталды.

ZIAT әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мұғалімнің педагогоикалық шеберлігі» атты v Республикалық педагогтар сайысында, «сыныптан тыс іс-шаралар» номнациясы бойынша I орынға ие болған мейірбике ісі пәнінің оқытушысы С.Г. Бибосынова дипломмен марапатталды.

«Сова» халықаралық интелектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен билогия пәні бойынша қашықтықтан өткен олимпиада да I орынға ие болған «Мейіргер ісі» 1 курс студенті Жалғасбаева Жансая дипломмен марапатталды. Жетекшісі биология пәнінің оқытушысы А.Т. Көбегенова.

«Рухани жаңғыру» ақпараттық – сараптамалық орталығының бас редакторы Б.Тұяқбаев анатомия пәнінің оқытушысы А.Б. Айдаралиеваға «Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының  дамуына елеулі үлес қосып, өз тәжірбиесін еліміздің педагогикалық қауымымен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

«ZIAT» ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік әзірлеме», «Сабаққа арналған үздік презентация» атты V Республикалық сайысында I орынға ие болған анатомия пәнінің оқытушысы А.Б. Айдаралиева дипломмен марапатталды.

«ZIAT» ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік әзірлеме», «Сабаққа арналған үздік презентация» атты V Республикалық сайысында I орынға ие болған анатомия пәнінің оқытушысы Н.Б. Бердіш дипломмен марапатталды.

«KKO.kz» веб-сайтымен ұйымдастырылған «Психология»

пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып,

Мейіргер ісі, 204 топ студенті Аманкелді Ж. I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен сырттай Республикалық «Үздік арнайы пəн оқытушысы» байқауының «Оқыту технологиясын шебер қолданушы» номинациясымен №3 арнайы пəндер ЦƏК оқытушысы Р.У. Джантасова марапатталды.

Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен сырттай Республикалық «Үздік арнайы пəн оқытушысы» байқауының «Заманауи оқытушы» номинациясымен №3 арнайы пəндер ЦƏК оқытушысы Ж.А. Токташева марапатталды.

Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Үздік қазақстандық – 2019» жалпы ұлттық жобасына қатысып, «Үздік білім орталығы» айдарында колледж жетістіктері туралы мақала жарияланып, «Үздік білім беру мекемесі» деп танылды.

Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «XXI ҒАСЫР КӨШ БАСШЫСЫ» атты халықаралық үздік студенттер байқауында I дәрежелі дипломмен және төсбелгімен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 402-топ студенті Сүйінбекұлы Кәрім мараппатталды.  Жетекшісі: колледж психологы А.Н.Оскенбаева Алғыс хатпен марапатталды.

Нұр-сұлтан қаласы əкімдігінің «Қазақстанның медициналық колледждері одағы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриат біліктілігімен білім беру бағдарламасымасы бойынша «Қ.Р. медбике мамандығының дамуы, Ғылым, ізденіс, жаңашыл» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысқаны үшін «Мейірбике ісі» мамандығының 118 топ студенті Абильдаева Гульмира, жетекшісі Ж.А. Токташева сертификатқа ие болды.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қазақстанның медициналық колледждері одағы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриат біліктілігімен білім беру бағдарламасымасы бойынша «Қ.Р. медбике мамандығының дамуы, Ғылым, ізденіс, жаңашыл» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қолдау көрсеткені үшін колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға оқу-әдестемелік бірлестік төрайымы А. Саржанова алғыс білдірді.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қазақстанның медициналық колледждері одағы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриат біліктілігімен білім беру бағдарламасымасы бойынша «Қ.Р. медбике мамандығының дамуы, Ғылым, ізденіс, жаңашыл» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысқаны үшін «Мейірбике ісі» мамандығының 118 топ студенті Баканова Ольга, жетекшісі У.Е. Дуйсембаева сертификатпен марапатталды.

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күресу күніне орай өткен форумда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асыруына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін,  «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің»  ұжымы алғыс хатпен марапатталды.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қ.Р. Денсаулық сақтау министірі Е.Біртановтың № 640 18.11.2019. бұйрығымен колледжіміздің «Мейіргер ісі» мамандығы бөлім меңгерушісі Ж.Б. Мырзагулова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, колледж оқытушысы Б.С.Мадимарова азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімі  А.Мырзахметовтың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №372 – ө өкімі
бойынша колледждің «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі А.М.Мәдібраимова «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Жамбыл облысы 80 жылдығына орай облыс əкімі А. Мырзахметов Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Ж.Н. Сарыбекованы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен  марапаттады.

04.12.2019ж. Этнос жастары арасында өткен қазақ тілі білгірлерінің «Тіл парасаты» атты облыстық байқауында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 212 топ студенті Вердиева Ругая III орынмен марапатталды.

Жамбыл облысының 80- жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күніне орай, өзге ұлт жастары арасында  ұйымдастырылған «Жамбылым- жер жаннатым» атты үздік қалалық  эссе байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІ курс «Мейіргер ісі» бөлімі», 209 топ студенті Амиязова Нилюфор ІІІ дәрежелі дипломмен, ІІ курс «Мейіргер ісі» бөлімі, 209 топ студенті Ибрагимова Феруза., І курс «Мейіргер ісі» бөлімі 108 топ студенті Азизова Кибрия алғыс хаттармен  марапатталынды.

24 – 25.10.2019ж. Жалпы орта білім беру мекемелері мен техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінің І, ІІ курс студенттері арасында «Сана парасаттылығы-адал ұрпақ негігі» атты ұйымдастырылған облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан ІІ курс студенттері «Мейіргер ісі» бөлімінің 201 топ студенті Қалдыбаева Наргиза мен 209 топ студенті Амангелді Ұлжан жүлделі І орынды иеленсе, 205 топтан қатысқан Ермек Тілеген мен Тұрсынбай Дəурен ІІ орын алды. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбаевичтің қатысуымен болған марапаттауда жеңімпаздарымызға дипломдар мен кубоктар табыс етілген.

«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Психология» пəні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, колледжіміздің 2, 4 курс студенттері дипломмен марапатталса, жетекшісі: А.Н.Оскенбаева Алғыс хатпен 402 – топ студенті Сүйінбекұлы К. I дəрежелі дипломмен марапатталды. 204 – топ «Мейіргер ісі» бөлімінің студенттері: Арыстамбек Ш., Абдреймова А., Тəліпбек А., Шералы А., Орынбасар А., ІІ дəрежелі дипломмен, Маратова С., Телібаева М., Əлібаева Б., Қапаш Н., Амангелді Ж. – ІІІ дəрежелі дипломмен, Каненова А. сертификатпен марапатталды.

Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері” №1 жалпы кəсіптік пəндер циклдық əдістемелік комиссиясының оқытушысы Л.В. Кимасова төсбелгісімен марапатталды.