Іс-шаралар

09.01.2020 жылы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Омаров Дәурен Даниярбекұлымен кездесу өтті.

Адалдық — адамдықтың белгісі атты онлайн шығарма байқауы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының жоспары бойынша «Адалдық —адамдықтың белгісі» тақырыбында І курс студенттері арасында шығарма байқауы өткізіліп, төмендегі студенттер жүлделі орындарды иеленді:
І орын —Досмаилова Аяулым 103 М 9/20
І орын —Сокуренко Александра 117 ЛД 9/20
ІІ орын —Тасқұл Анель 106 М 9/20
ІІ орын —Жайлаубай Ұлдана 102 М 9/20
ІІ орын — Турдыматова Ситора 110 С9/20
ІІІ орын — Қайнар Дияс 114 ЕФ 9/20.

 

30.10.2020 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 105 топ студенті Қуанышбай Мейрман “Сыбайлас жемқорлық бізге жат” облыстық жастар акциясына “Парасаттылық мекені” атты өз туындысынан өлең жолдарын жолдайды.

30.10.2020 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Сыбайлас жемқорлық бізге жат” тақырыбында суретшілер BATTLE өткізілді.

02.09.2019 жыл

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде , колледж оқытушылары мен 1–курс студенттер арасында «Адалдық сағаты» атты іс-шаралар өткізілді.«Адалдық сағаты» атты іс-шара мақсаты:  өскелең ұрпақты адалдық пен     парасаттылық құндылықтарын,рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық мінез құлықтарын тәрбиелеу болып табылады. Колледждің белсенді студенттері өз пікірлері мен 1 курс студенттеріне түсіндірме сағаттарын өткізді . Аталған іс-шара өз мақсатына жетті.

10.09.2019 жыл

Жамбыл жоғары медициналық колледж  «Тәрбие бөлімі»  «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Қатысқандар колледждің тәрбие жұмысының меңгерушісі Л.К. Мейрманова , құқық бұзушылықтың алдын-алу меңгерушісі Р.Б. Усенов, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны А.Н. Жақсығұлов, колледж оқытушысы Ж.С.Алибаева қатысты. Іс-шара барысында 1 курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын- алу шаралары жүргізілді.

17.09.2019 жылы

Жамбыл жоғары  медициналық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» PULSE TV телестудиясында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тюлебаев Равиль Куанышбаевич пен кездесу өтті.

12.11.2019 жылы

Мектеп оқушыларына арналған  «Жемқорлыққа қарсы екпе» атты интерактивті бағдарлама өткізілді.