Халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырылған «Нашақорлық ғасыр дерті!» тақырыбында дәріс

2019 жылдың  10 қазан күні , Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  психологиялық қызметі мен наркобекет комиссиясымен бірлесе отырып, Халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырылған «Нашақорлық ғасыр дерті!»  тақырыбында  дәріс өтті. Дәріске 210, 211 топ, «Емдеу ісі»  бөлімінің студенттері қамтылды. Дәріске  Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының  маманы Ниязалиева Айнұр Асқарқызы  шақыртылып, студенттерге түсіндірме жұмыстарын айтып, дәріс  соңында бейнеролик көрсетті. Мақсаты: жастардың болашаққа деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Есірткі заттардың адам денсаулығы мен бүкіл өміріне зиян екенін көрсетіп, спортпен шұғылдануға тарту. Қыз балалардың болашақ ана ретінде зиянды әдеттерден  аулақ болуға тәрбиелеу.

Жауапты наркобекет комиссиясының жетекшісі: Султанаева А.Б.