Халықаралық форум

12.05.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы , «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен «Жамбыл облысы мысалында Қазақстандағы мейірбике ісінің инновациялары мен даму перспективалары» тақырыбында 1️⃣2️⃣мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне арналған Халықаралық форум ұйымдастырылды. ✔️Форумның мақсаты: мейіргерлердің маңыздылығы мен әлеуетін нығайту, мейіргерлік қызметтің жаңа моделін енгізу және іске асыру, Жамбыл облысы бойынша мейіргер мамандарын даярлау жүйесін дамыту, сондай-ақ, халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасу болды. Шақырылған қонақтар: Йоханна Хейккиль, (Финляндия) PhD докторы, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға кеңесшісі , ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб, Ресей мейіргерлер қауымдастығының президенті Валентина Саркисова. Форум соңында 12 мамыр Халықаралық Мейіргерлер күніне орай, Жамбыл облысының үздік мейіргерлерін марапаттап, форум қатысушыларына Жан Ақжановтың «МЕДСЕСТРА» кітабы мен гүл шоқтары таратылып, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің белсенді студенттерінің мерекелік ән – шашуымен аяқталды.