«Эпидемиология негіздері » пәнінен «Сібір жарасы.Эпидемиялық бөртпе сүзегі» тақырыбы бойынша теориялық ашық сабақ өткізді.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 21.10.2022ж.күні «Емдеу ісі» мамандығы, 228 топ студенттеріне «Эпидемиология негіздері » пәнінен «Сібір жарасы.Эпидемиялық бөртпе сүзегі» тақырыбы бойынша «Жұқпалы аурулар «пәнінің оқытушысы Блейменова Ботакоз Бекайдаровна теориялық ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: Сібір жарасы.Эпидемиялық бөртпе сүзегі ауруларының этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі мен клиникалық белгілері, диагностикасы мен емдеу қағидалары, алдын-алу шаралары жайлы студенттерге түсіндіріп, толық мағлұмат беру. Сондай-ақ сабақ барысында оқытушы Қазақстанда, Жамбыл облысында ағымды жылда Сібір жарасы ауруынан 7 адам ауырып, 1 адамның көз жұмғанын атап айтып өтті. Аса қатерлі індеттің алдын-алудың маңызды екендігін, ауруды болдырмау шаралары жайлы толықтай айтып түсіндірді.