«Елдің тыныштығы – ең үлкен аманат»

01.10.2022 ж. Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Мәметованың 100 жылдығына орай «Елдің тыныштығы – ең үлкен аманат» тақырыбында өткен облыстық пікірсайыс турнирінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Альфа лигасында ойын көрсеткен «Емдеу ісі» бөлімі, 210 топ студенттері Бабалы Күмісай мен Маулен Нұрлыбек жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Бетта лигасында ойнаған «Емдеу ісі» бөлімі, 210 топ студенті Құдиярбек Әсем мен 216 топ студенті Сәбит Аяна жүлделі ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ «Үздік кейс» номинациясын «Subzero» фракциясының мүшелері: Сайлау Даниял мен Бахыт Сарбиназ, «Үздік төреші» номинациясын «Мейіргер ісі» бөлімі, 404 топ студенті Жүсіпова Ұлдана, «Үздік идея иесі» номинациясын «Емдеу ісі» бөлімі, 314 топ студенті Өмірғали Аружан, «Үздік аналитик» номинациясын «Емдеу ісі» бөлімі, 210 топ студенті Құдиярбек Асем алды. Барлық марапат иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!