Диплом тапсыру рәсімі

28.06.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Жолың болсын, жас маман!» тақырыбында түлектерге диплом тапсыру рәсімін өткізді. Мерекелік жиында оқудағы үздік білімі, үлгілі тәртібі мен қоғамдық іс-шараларға ат салысқан белсенділерге «Үздік студент», «Оқу үздігі» номинациялары бойынша медаль мен алғыс хат беріліп, диплом табысталды.