«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел

22.10.2021 ж. Құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша құрылған №1 мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Бекмолдаев Бексұлтан Русланұлы және «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы қатысып, студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.