«Дәрігер – адам өмірінің арашасы»

ЖЖМК медицина қызметкерлер күніне арналған «Дәрігер – адам өмірінің арашасы» атты тақырыпта №2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ардагер ұстаздары, «Сенім» денсаулық жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.М. Момбекова, колледж әкімшілігі және оқытушылар қатысты.Салтанатты жиын барысында колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова медицина қызметкерлерін құттықтап, грамоталар мен дипломдар табыс етті.