Чемпионат барысы

Чемпионат кезінде кәсіби шеберлік келесі модульдер бойынша бағаланды:
А модулі. Медициналық ұйымда (хоспис) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру.
B модулі. Медициналық ұйымда дәлелді көмекті енгізу (күндізгі стационар).
C модулі. Үйде науқастарға білім беруді жүзеге асыру.
Сайыс тапсырмалары «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша республикалық мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жасалған орта буын мамандарын даярлау бағдарламаларына сәйкес жасалды. Сайыс тапсырмасы медициналық және әлеуметтік көмек саласында жүзеге асырылатын үш бөлек модульден тұрады. Күтім аймақтарында модульдердің бағалануы бірдей – 16,7 ұпай, ағылшын тіліндегі модуль – 16,5 ұпай:
• 1 аймақ – хоспис;
• 2 аймақ – күндізгі стационар;
• 3 аймақ – үй жағдайындағы күтім / дәлелді мейіргерлік күтім.
Сайыс тапсырмалары келесі тақырыптарды қамтыды және тапсырмалардың бірі ағылшын тілінде ұсынылды:
1. Ісіктер;
2. Қант диабеті;
3. Бронх демікпесі.
Қатысушы әр аймақта науқастардың қажеттіліктерін тиісті жағдайда модельдеуге негізделген тапсырмаларды орындады.