«Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар»

2019 жылдың 7 қазан Халықаралық қыздар күніне орай, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Балауса» қыздар клубының ұйымдастыруымен,  «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.

Қатысқандар:

  1. Колледж психологтары: А.Н.Оскенбаева, А.Б.Казыбаева.
  2. Медпункт фельдшері – Сейдалиева Нуршат Джанабайқызы.

 

«Балауса» қыздар клубының жетекшісі:А.Н.Оскенбаева сөз алып,  қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болу туралы түсінік берді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрістерін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертіп, медпункт фельдшері Н.Д. Сейдалиева қыздардың тән тазалығы мен жан тазалығы, жеке гигиена, ерте жүктіліктің зияны туралы айтты.

Жиналыс соңында студенттер тақырып бойынша, түрлі сұрақтар қойып, әр қыз бала  пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.