Кітапхана

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі: Бегалиева Нұрсұлу Ерланқызы.
Туған жылы: 1982ж.
Білімі: жоғары.
Мамандығы: 1999-2003жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетіндегі «Кітапхана ісі».
Жалпы еңбек өтілімі: 17 жыл.
Кітапхана меңгерушісі болып 04.09.2004ж. бастап тағайындалды.

Кітапхана– дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Елбасы Н. Назарбаев «21 ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің қайнар көзі – кітапхана» деп атап көрсеткендей, оқу орнындағы оқыту, білім үрдісін ақпараттың орталығы – кітапханасыз елестету мүмкін емес.

Бүгінгі таңда қоғамдық өзгерістер, өркениеттік деңгейге көтерілу, ашық ақпараттық кеңістікке өту кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Колледж кітапханасы мәдениет, ақпарат және біліми орталығы ретінде колледж өміріндегі оқиғалардан тыс қалмайды. Кітапхана білім беру стандарттарына сәйкес оқу үрдісін қажетті оқулықтар, ғылыми басылымдар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етеді. Кітапхананың жалпы қоры -109409 дананы, оның ішінде барлық пән бойынша оқу әдебиеттері 95580 дананы, оның ішінде қазақша оқулықтар – 46958 дананы, оқу- әдістемелік әдебиеттер – 8991 дананы, электрондық кітаптар – 1527 дананы, әдеби кітаптар – 5001  дананы құрайды.

Кітапхана оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Жаңару заманы қоғамымызға ірі өзгерістер мен бірге ұлттық сананы, ұлттық сананы, ұлттық қадір – қасиетімізді, табиғи даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашты. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Терең білім алу, ғылым жаңалықтарын,и өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін көп оқу керек. Сондықтан да кітап адам өмірінде мағызды роль атқарады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбәр адамы күнделікті өз тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл – кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап- рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.

Мерзімдік басылымдар 2021 ж.

Газеттер:

  1. Ақ жол
  2. Егемен Қазақстан
  3. Казахстанская правда
  4. Арай
  5. Жамбыл-Тараз
  6. Знамя труда
  7. Литер
  8. Айқын
  9. Денсаулық әлемі
  10. Түркістан

Журналдар:

  1. Денсаулық
  2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер Мектептегі кітапханашы
  3. Физкультура и спорт
  4. Қазақстан әйелдері
  5. Пожарный спасатель
  6. Білім беру басшыларының анықтамалығы
  7. Білім беру ұйымының әдіскері
  8. Педагогика ж\е психология
  9. Еңбек қауіпсіздігі және кәсіпорында еңбекті қорғау жинақталымы
  10. Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі
  11. Фармация Казахстана
  12. Ординатор
  13. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы, жинақталымы
  14. Самопознание.кз
  15. Қызықты психология
  16. Мейірбике ісі
  17. Қазақстан тарих
  18. Әлеуметтік педагогика ж\е өзін-өзі тану
  19. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы
  20. Мектеп директорының орынбасары оқу тәрбие жұмысы
  21. Оқу инновациялық технологиялар
  22. Кәсіптік қазақ тілі

Оқу залында жазылған басылымдвардың барлығы бір данадан тігілген, кітапханаға келіп оқуға болады.


26.04.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлері Чернобыль апатына 35-жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты танымдық сағатын өтті. Қатысқан: 113 топ студенттері.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Е.Бегалиеваның ұйымдастыруымен Ш. Сариевтың 75 жыл толуына арналған буктрейлер дайындады.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Е.Бегалиеваның ұйымдастыруымен Ы. Алтынсаринның туылғанына 180 жыл толуына арналған буктрейлер дайындады

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің электронды кітапханашы Н.Т Сейдалиеваның  ұйымдастыруымен Ж. Жабаевтың 175 жыл толуына арналған арналған буктрейлер дайындады.

09.04.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н. Бегалиеваның жетекшілігімен 101 топ студенттері:Қуатқызы Айдын, Мейірхан Айшат, Алдабергенова Амина Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын,аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері Шөмішбай Сариевтың туылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырған «Сұлу саздың зергері» атты ән кешіне қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

21. 02. 20 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Конференц залында» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Батыратын неше алуан сезімге, құдірет бар ұлы Абай сөзінде» атты әдеби-сазды кеш 103 топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.

30. 11. 2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы және 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 1-2-3 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  кітапханасы Coworking оқу орталығында 14 наурыз «Көрісу» күніне және 22 – наурыз «Наурыз» мейрамына орай 214 топ студенттерінің қатысуымен іс- шара өткізілді.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  кітапханасы Coworking оқу орталығында 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік  – еркін елдің ұраны! Жас ұрпағы – болашағы қыраны! атты дөңгелек үстел 214, 403 студенттерінің қатысуымен өткізілді.

   

02. 10. 2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш 214 топ студенттерінің қатысуымен өткізіліп, бейне – фильмдер көрсетілді. Көрме дайындалды. Ұстаздарға арнап ән айтылды.

 

06.03.2018 жылы  Жамбыл медициналық колледжінің кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани дамыту» орталығында кітап көрмесі мен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел барда – әлем бар»  тақырыбында мерекелік кеш  өткізілді. Іс-шара барысында  Күләш Ахметова, Сара Назарбаева, Дариға Жантохова, Салтанат Байқошқарова сынды аналарымыздың шығармалары мен  еңбек жолдарындағы  өмірі туралы суденттерге үлгі ретінде мәлімет берілді.