Емдеу ісі

Мамандығы: 0301000 – «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030102 3 – «Акушер»

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында

 0301000 – «Емдеу ісі» біліктілігі 030102 3 – «Акушер» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер

-Өзін-өзі дамыту бағытында  оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгереді.

-Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.

-Ақпаратты басқару бағытында: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.

-Компьютерлік технологиялар бағытында: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады.

-Қоғамдық өмірде: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

-Этикалық принциптер бағытында: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.

-Эстетика бағытында: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.

-Коммуникативтік дағдылар бағытында: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді

-Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді

-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.

-Салауатты өмір салты: индивидуумдарда, отбасыларда және халық топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

-Бақылау: әртүрлі қауіп тобындағы пациенттер мен адамдарды тиімді бақылауды жүзеге асырады.

-Кеңес беру: пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген.

-Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.

-Қауіпсіздік және сапа технологиялары: көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланады.

-Стандарттар: медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес рәсімдерді орындайды.

-Дәлелді практика: акушерлік практикада ең үздік заманауи жетістіктерді пайдаланады; тиімді перинаталдық технологияларды қолданады; алдын алу, диагностикалық және емдеу іс-шараларын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеріне сүйене отырып қолданады

-Оңалту: тиімді оңалту негізінде пациенттің функционалдық қабілетін жақсартады.

0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында;

                                                             2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында

0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер

Өзін-өзі дамыту бағытында: оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгерген

 Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды

Ақпаратты басқару бағытында: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.

 Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады

Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады

Этикалық принциптер бағытында: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.

Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.

Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді

Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады

Салауатты өмір салты: индивидуумдарда, отбасыларда және халық топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады

Бақылау бағытында: әртүрлі қауіп тобындағы пациенттер мен адамдарды тиімді бақылауды жүзеге асырады.

Кеңес беру бағытында: пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген

Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады

Қауіпсіздік және сапа технологиялары: көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланады

Стандарттар бағытында: медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес рәсімдерді орындайды

Медициналық көмек көрсету үрдісін басқару бағытында:
– ортақ жауапкершілік негізінде жеке-бағытталған тәсілді қолдана отырып, диагностиканы, емдеуді және алдын – алуды жүзеге асырады;
– емделушілердің әртүрлі санаттарына емдеу және шұғыл көмек көрсету әдістерін меңгереді;
– әр түрлі санаттағы пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың заманауи әдістерін қолданады;
– шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша фельдшерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолданады;
– фельдшерлік мінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгерген;
– халықаралық стандарттарға сәйкес аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
– жүргізілген диагностикалық және емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды;
– санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.

Дәлелді тәжірибе бағытында:
– әрбір науқасты диагностикалау, емдеу және оңалту үшін медицинадағы ең тиімді заманауи жетістіктерді пайдаланады;
– алдын алу, диагностикалық және емдеу іс-шараларын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеріне сүйене отырып қолданады;

Оңалту бағытында: тиімді оңалту негізінде пациенттің функционалдық қабілетін жақсартады.