Аймақтық симуляциялық орталық


Турмысова Фарида Досмахамбетовна  — Орта медицина және фармацевт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі, «Акушерия және гинекология» пәнінің жоғары санатты оқытушысы. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2007 жылдан бері жұмыс атқарады.1995 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 1996-2006 жылдар аралығында №2 Қалалық емханада, 2006-2007 жылдары №3 Қалалық емханада  акушер-гинеколог қызметін атқарды. 2012 жылы «Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің үздік оқытушысы-2012» байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы әкімінің және колледж директорының Құрмет грамоталарымен, тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалімен марапатталды.

Марапатталған күні Марапаттау түрі

Кіммен марапатталады Кем награждался
02.12.2012ж «ҚР медицина колледжінің үздік оқытушысы-2012» Республикалық байқауына қатысқаны үшін диплом РМК директоры, ЗТБ «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» Басқармасының төрағасы С.Т.Сейдуманов
06.2013ж Облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымының қоғамдық өміріне белсенді ат салысқаны үшін құрмет грамотасы Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы С.Омарбекова
06.2015ж ЖМК 80 жылдық мерейтойы аяасында жастарға білім беріп, тәрбиелеудегі еңбектеріңіздің жемісі үшін КМҚК «Жамбыл медициналық колледж» құрмет грамотасы Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Қ.Қоңырова
16.10.2015ж «Дуалды оқыту жүйесі – сапалы, бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау негізі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат ЗТБ «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» басқармасының төрағасы С.Т.Сейдуманов, Түркістан медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Бимурзаев Ғ.Н.
21.12.2016ж «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – ммелекеттің тұрақты әлеуметтік – экономикалық даму факторы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әбілдаев Т.Ш., «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры Сарыбекова Ж.Н.
21.12.2016ж «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әбілдаев Т.Ш., «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры Сарыбекова Ж.Н.
07.04.2017ж Сертификат Омский государственный университет МЗ РФ директор колледжа А.А.Турица

Симуляциялық орталық — симуляциялық технологияларды қолданып медициналық оқыту, аттестация және кәсіби мамандардың тәжірибелік дағдыларын объективті бағалауды жүргізетін білім беру ұйымының құрылымы.

Симуляциялық оқытудың артықшылықтары:

  • пациентке қауіп төнгізбей виртуалдық ортада клиникалық тәжірибе алу;
  • жеткен шеберлік деңгейін объективті бағалау;
  • дағдыны бірнеше рет шексіз қайталау мүмкіндігі;
  • клиниканың жұмыс уақытына байланысты емес, оңтайлы уақытта тренинг өту;
  • сирек және өмірге қауіпті патологияларда іс-әрекетке машықтану;
  • оқытушы қызметінің бір бөлігін виртуалды тренажер өзіне алады;
  • манипуляцияны алғаш реет өздігінен жасағанда күйзелістің төмендеуі.

Симуляциялық орталықтың мақсаты:

  • мейірбике ісі мамандарының үздіксіз кәсіби дамуы шараларын жүзеге асыру ;
  • денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби дайындықтары мен мамандардың біліктілігі сәйкестігін бағалауға қатысу.

Орталықтың негізгі қызметі:

  • симуляциялық оқыту арқылы мейірбике ісі мамандарының кәсіби деңгейін жетілдіру;
  • тәжірибелік дағдыларды бағалауды ұйымдастыру және жүргізуге қатысу;
  • диагностикалық, емдік процедураларды, пациентке күтім жасау дағдыларын және шұғыл жағдайларда көмек беруді меңгеру үшін симуляциялық құралдарды қолданып симуляциялық оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарымен қарым-қатынаста болу;
  • симуляциялық оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында мониторинг және талдау жүргізу.

Орталықта 12 станция жұмыс атқарады: «Шоктарда жедел көмек көрсету», «Жедел коронарлы синдромның диагностикасы»,  «Кенеттен өлімде жедел көмек көрсету — негізгі жүрек-өкпе реанимациясы»,  «Жоғарғы тыныс жолдарының өткізбеушілігінде жедел көмек көрсету», «Жарақаттарда жедел көмек көрсету», «Тері қабаттарының бүтіндігі бұзылуында жедел көмек көрсету «, «Лабораторлы ­құралдық зерттеу әдістерін талдау»,  «Парентералды инъекция техникасы», «Жараны алғашқы өңдеу және таңғыш байлау»;  «Медициналық манипуляцияны  түсіндіру бойынша коммуникациялық дағдыны бағалау», » Аурудың алдын алу бойынша коммуникациялық дағдыны бағалау»,  «Сыртқы қан кетуді тоқтату».

Орталық компьютерлік робот — симулятор SMART STAT BASIC  iPad басқаруымен; көп функциялы босану имитациясы манекені SMART MOM Basiс-пен; құралды босану тренажерымен; электрлі трахея интубациясы моделімен; ересектерге және балаларға  арналған ларингоскоп жиынтығы және Амбу қапшығымен; интубацияға арналған фантом-жүйесімен; жүрек-өкпе реанимациясына арналған нәресте манекен-имитаторымен; пациенттерге күтім жүргізу манекенімен (GERI және KERI); дефибрилляциясы бар жүрек реанимация үшін Ambu Phantom жүйесімен жетілдірілген нұсқасы  Wi-Fi қолдауымен; трахеостомия  тренажерымен жабдықталған (назогастралды түтікше қою және трахеостомаға күтім жүргізу).

Бұдан басқа нақты медициналық манипуляцияға машықтандыратын фантомдар қойылған: көк тамырға инъекция жасауға арналған толық функциялы қол моделі (ересектерге арналған); бұлшық етке инъекция жасау муляжымен; нәрестенің интубациялық тренажеры Laerdal; жаңа туылған нәрестеге арналған трахея интубациясы моделі Амбу қапшығы және ларингоскоп жиынтығымен; әртүрлі инъекцияларға машықтанатын 5 жастағы бала қолының моделі; көк тамырға инъекция жасауға арналған оқу құралдары; плевра қуысын пункциялау және дренаждау тренажеры пневмо — және гидроторакстың имитациясымен; орталық көк тамырларын катетерлеуге арналған тренажер; бас жарақаттарында шұғыл тіршілікті қамтамасыз ету тренажеры.

Оқыту мен тәжірибелік дағдыларға машықтану барысына аудио — және бейне бақылау  жүргізіліп, қателерді егжей-тегжейлі  талдау және сараптау үшін аудио — және бейне бақылау дебрифинг залына көрсетіледі.

2016 жылдың 18 қаңтарынан орталықта «Шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету және орта медицина қызметкерлерінің коммуникация негіздері » циклы бойынша 54 сағат/ 1 апталық оқыту жүргізілуде.

Аймақтық симуляциялық орталық жарақат кезінде көмек көрсету Жол картасы негізінде «Жарақаттарда жедел көмек көрсету» циклы бойынша орта медицина қызметкерлерін 36 сағат/ 1 апта, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2009 жылғы 19 қарашада бекітілген «Медициналық білімі жоқ тұлғаларды алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындау ережелерін бекіту» № 753 бұйрығы негізінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктер) оқытады. Оқыту ұзақтығы 36 сағат/ 1 апта.