Аймақтық медбикелік ісін дамыту орталығы

Аймақтық медбикелік ісін дамыту орталығы (бұдан әрі — Орталық) ШЖҚКМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» (бұдан әрі — колледж) құрылымы ретінде 2015 жылғы 8 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы алқасының №3 Қаулысы бойынша құрылды.

Жамбыл облысы бойынша медбикелік көмектің тиімділігін және нәтижелігін арттыру, мейірбике ісінің перспективалы бағыттарын талдау, Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласында медбикелік қызметті ұйымдастыру және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру Орталықтың негізгі мақсаттары болып табылады.

Орталықтың негізгі қызметінің бағыттары:

  1. Жамбыл облысы және республиканың басқа облыстарының денсаулық сақтау ұйымдарына тестілеу жүргізуге, симуляциялық оқытуға, тест тапсырмаларын дайындауға және байқаулар өткізуге, дөңгелек үстелдер, конференциялар, съездер, семинарлар ұйымдастыруға Орталықтың құзыреттілік шеңберінде консалтинг қызметін көрсету.
  2. Бос орындарға жәрмеңке, презентация (таныстыру), ақпараттық кездесулер ұйымдастыру және өткізу.
  3. Әдістемелік және кеңес беру қызметі.
  4. Медбикелік инновациялық технологияларды, кәсіптік стандарттарды, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдауға қатысу.
  5. Дәлелденген медбикелік нұсқауларға негізделген және қолданбалы зерттеу нәтижесінде алынған медбикелік күтім бойынша жұмыс стандарттарын талдауға қатысу.
  6. Денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарына сәйкес симуляциялық технологияларды қолданып, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу, коммуникативтік дағдылар мен кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қалыптастыру.
  7. Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жұмыс бағдарламаларын, тест тапсырмаларын дайындау, медбикелік іс мамандарының аттестациясына қатысу.
  8. Медбикелік көмек көрсету сапасының аудиты мен мониторингі.
  9. Қоғамдық бірлестіктермен және ассоциациялармен жұмыс.

Орталық екі бөлімнен тұрады:

Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі.

Бөлім меңгерушісі: Турмысова Фарида Досмахамбетовна  — «Акушерия және гинекология» пәнінің бірінші санатты оқытушысы. Жамбыл медициналық колледжінде 2007 жылдан бері жұмыс атқарады.1995 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 1996-2006 жылдар аралығында №2 Қалалық емханада, 2006-2007 жылдары №3 Қалалық емханада  акушер-гинеколог қызметін атқарды. 2012 жылы «Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің үздік оқытушысы-2012» байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы әкімінің және колледж директорының Құрмет грамоталарымен, тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалімен марапатталды.

Марапатталған күні

Дата награждения

Марапаттау түрі

Форма награждения

Кіммен марапатталады

Кем награждался

02.12.2012ж «ҚР медицина колледжінің үздік оқытушысы-2012» Республикалық байқауына қатысқаны үшін диплом РМК директоры, ЗТБ «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» Басқармасының төрағасы С.Т.Сейдуманов
06.2013ж Облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымының қоғамдық өміріне белсенді ат салысқаны үшін құрмет грамотасы Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы С.Омарбекова
06.2015ж ЖМК 80 жылдық мерейтойы аясында жастарға білім беріп, тәрбиелеудегі еңбектеріңіздің жемісі үшін КМҚК «Жамбыл медициналық колледж» құрмет грамотасы Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Қ.Қоңырова
16.10.2015ж «Дуалды оқыту жүйесі – сапалы, бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау негізі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат ЗТБ «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» басқармасының төрағасы С.Т.Сейдуманов, Түркістан медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Бимурзаев Ғ.Н.
21.12.2016ж «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің тұрақты әлеуметтік – экономикалық даму факторы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әбілдаев Т.Ш., «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры Сарыбекова Ж.Н.
21.12.2016ж «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әбілдаев Т.Ш., «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры Сарыбекова Ж.Н.
07.04.2017ж Сертификат Омский государственный университет МЗ РФ директор колледжа А.А.Турица

Әдіскер:

Кабирова Жанар Мадихатовна — жоғарғы санатты оқытушы. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2001 жылдан бері жұмыс атқарады.

Әдіскер:

Бахаева Айым Данибековна – бірінші санатты оқытушы. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2000 жылдан бері жұмыс атқарады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап  орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлім әдіскері болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 6 қараша 1994 жылғы №11 бұйрығының негізінде Жамбыл облысы денсаулық сақтау Департаментінің 3 қаңтар 1996 жылғы №3 бұйрығымен КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінің» құрылымы ретінде орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі ұйымдастырылған. 1996-2016 жылдар аралығында 28229 орта медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырды, оның ішінде 188 — қайта даярлау.

Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер келесі мамандықтар бойынша біліктілігін арттырады және қайта даярлаудан өтеді:

  • «Емдеу ісі» біліктілігі «Фельдшер», «Акушер (ка)», «Жалпы тәжірибелі фельдшер»
  • «Мейірбике ісі» біліктілігі «Жалпы практикадағы медбике»
  • «Акушер ісі» біліктілігі «Жалпы тәжірибелі акушер(ка)»

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау күндізгі нысан арқылы жүзеге асырылады. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау сабақтарын медициналық ғылым кандидаттары, магистрлері, жоғарғы және бірінші санаттағы кәсіби мамандар жүргізеді.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, облыстық және қалалық мемлекеттік медициналық ұйымдарда инновациялық технологиялар мен интерактивті оқу әдістерін қолдана отырып өткізіледі.

Тыңдаушылар аймақтық симуляциялық орталықтың клиникалық станцияларында симуляциялық құралдарды қолдану арқылы (манекендер, симуляторлар, фантомдар, муляждар) тәжірибелік дағдыларға машықтанады.

  1. Жүректің кенеттен тоқтауында жедел көмек көрсету.
  2. Жарақаттарда жедел көмек көрсету.
  3. Парентералды инъекциялардың техникасы.
  4. Жарақатты алғашқы өңдеуді жүргізу және таңғыш салу.
  5. Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
  6. Сыртқы қан кетуді тоқтату.

Тыңдаушылар халықаралық ақпараттық жүйесіне, электронды кітапханаға және колледждің кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік  әдебиеттерге еркін қол жеткізе алады. Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мемлекеттік бюджет және ақылы негізінде жүргізіледі.


«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында 2020 жылға бюджет негізінде мемлекеттік медициналық ұйымдардың орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру күнтізбелік-тақырыптық жоспары


БМСК патронаждық қызметінің әмбебап-прогрессивті моделі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделін балалардың денсаулығы, дамуы мен әл-ауқаты көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде енгізуді көздейді.
Әмбебап-прогрессивті үлгінің мақсаты-ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту.
Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін табысты енгізу кезінде балалар, ата-аналар, отбасы, қоғам тарапынан оң нәтижелер күтуге болады.
Жұмыс бүкіл отбасы деңгейінде жүргізіледі, сондықтан патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс істейтін учаскеде енгізілуі мүмкін.
Медициналық ұйымда бала айналасындағы команданың негізгі мүшелері болып табылатын психолог және социолог болуы тиіс. Патронаж қызметкерлері жақсы дайын болуы, қажетті қызмет көрсету үшін жеткілікті білімі мен дағдысы болуы тиіс.
ШЖҚКМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» осы бағдарлама бойынша қаланың және өңірдің орта медицина қызметкерлерін оқытады.  Базалық және кеңейтілген курстар аяқталғаннан кейін патронаж бикелері сертификат алады.
Курсқа теориялық, практикалық сабақтар, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, өзіндік жұмыс, отбасына кеңес беру, патронаж, эко-карта құру кіреді.


02.07.18. – 02.10.18. жылы «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІIІ- ағымдағы мемлекеттік емтихан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде  02.07.18. – 02.10.18. жылы  «Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІІ- ағымының бағдарламасы аяқталды.  КМҚК Жамбыл медициналық колледжінің  «Б» корпусында аймақтық симуляциялық орталықта 02.10.2018  жылы қысқа мерзімді «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ІІІ-ағымының мемлекеттік емтиханы өтті. Мелекеттік емтиханның комиссия мүшелері:

  1. ШЖҚКМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің»  директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы;
  2. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлім меңгерушісі Турмысова Фарида Досмахамбетовна;
  3. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігер физиотерапевті  Шиныбаева Жанар Кубежановна;
  4. Жуалы аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы Бидайбекова Балақыз;
  5. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№1 Қалалық балалар аурухана» массажисті Айтбекова Меруерт Абилхановна.

«Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІІ- ағымын  14 тыңдаушы  аяқтап, «Массажист» біліктілігін алды.


«Фтизиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбында цикл өткізілді

Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінде 09. 04. 2018 – 21.04. 2018 ж аралығында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Фтизиатрияның өзекті мәселелері» (ақылы негізінде) цикл өткізілді. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігерінің ұйымдастыру – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жолдасова Гулзия Сабитқызы тәжірибелік сабақ тыңдаушыларымен өткізуде.


ҚР мейіргер ісі дамуының 2019 жылға дейінгі кешенді жоспары. «Әртүрлі деңгейдегі мейіргердің жаңа ролі мен құзыреттілігі»

26 наурыз 2018 жылы орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінде «Мейіргердің жаңа ролі мен құзыреттілігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мейіргерді дайындаудағы өзгерістер, қолданбалы бакалавриат, мейіргердің жаңа ролі,, мейіргердің пациенттерді жеке қабылдауы туралы өзекті мәселелер қаралды. Тақырыпты «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулова ашты. Семинарға барлығы 86 маман қатысты. Қатысушыларға 6 сағат көлемінде сертификат берілді.

  

  


ШЖҚКМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжінде» Жамбыл  облысының денсаулық сақтау басқармасының талабына сәйкес 26 наурыз 2018 жылы Жамбыл облысы  және Тараз қаласы медициналық  ұйымдарының  орта медицина қызметкерлері арасында (барлығы 86 маман) «Денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлауды, біліктілігін жоғарылатуды және қайта даярлауды қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы семинар өткізілді, бейнеролик түсірілді. Біліктілікті арттыру бөлімінде мемлекеттік қызмет туралы стенд, баннер ілінді.

  

 


19.02. – 24.02..2018ж аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Б» корпусында «Мейіргер ісі зерттеуші – оқытушысы» тақырыбында оқытушыларға біліктілігін арттыру циклы өтті. Циклда мейіргерлік үрдіс, мейіргердің жаңа рөлі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.
Дәрісті Қазақ медициналық білімді үздіксіз жетілдіру университетінің оқытушысы Пасько Галина Ивановна жүргізді. 18 оқытушымыз біліктілігін арттыру куәлігін алды.

   


15.12.2017 – 30.12.2017

Тиімді перинаталды күтім

Циклда жүкті әйелдердің антенаталды күтімі мен акушериядағы шұғыл жағдайлар кезіндегі көмек, фертильді жастағы әйелдерді бақылау қарастырылды.

          

          

           


Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту орталығында  өткізілген іс-шаралар

        24.04.2017. – 08.05.2017 жылы ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Емдік тамақтану негіздері», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Медициналық ұйымдардың қызметіндегі бас (аға) мейірбикенің рөлі» атты циклдар өткізілді


  20.02.2017. – 04.03.2017 ж. ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша  «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері», «Емдік массаж», «Хирургиялық ауруларды және зақымдануды оперативтік емдеудің мейірбикелік технологиялары»атты циклдар өткізілді


06.03.2017. – 20.03.2017жылы ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбике  жұмысы» атты циклдар өткізілді.


Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінде орта медициналық   қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

28.11.2016.-12.12.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Әлеуметтік көмек көрсетудегі мейірбике жұмысы», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек» атты циклдар өткізілді.


21.11.2016.-05.12.2016 жылы ақылы негізде, «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Мейірбике ісіндегі иммундық алдын алу», «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері» атты циклдар өткізілді.


07.11.2016.-19.11.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеудегі мейірбике рөлі» , «Жалпы тәжірибе дәрігердің мейірбике  жұмысы» атты циклдар өткізілді.


№ 1 Қалалық балалар ауруханасының жоғары санатты дәрігер – реаниматологы  И.Э.Юлдашеваның қатысуымен «Жүректің кенет тоқтауындағы жүрек – өкпе реанимациясы», «Аурухана ішілік инфекция» – тақырыптары бойынша колледж оқытушылары үшін семинар – тренингтер өткізілді.


24.10.2016.-05.11.2016 жылы ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Функционалдық диагностика бойынша мейірбике  жұмысы», «Емдік массаж», «Анестезиологияның және қарқынды терапияның өзекті мәселелері» атты циклдар өткізілді.


Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік даму министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың 14-қарашасынан 2017 жылдың 20-маусым аралығында орта медициналық қызметкерлерді оқыту жұмысын ұйымдастыруды  колледждерге бекітті. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл медициналық колледжінің  «Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығы облыстағы орта медицина қызметкерлерін оқыту кестесін ұйымдастырды.

«Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту жұмысы жөніндегі директордың орынбасары  М.И.Тлеубаева мен «Аймақтық симуляциялық орталықтың» бөлім меңгерушісі Ф.Д.Тұрмысова ағымдағы жылдың 29-қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген  МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу шеңберінде ұйымдастырылған медициналық ЖОО және колледждер оқытушы тренерлеріне арналған семинарға қатысты. Каскадтық әдіспен колледждің әкімшілік – оқытушылар құрамынан тренерлер оқытылды.


17.10.2016.-29.10.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Ер адамдардың денсаулығын қорғау. Емханадағы ерлерді қарау кабинеті мейірбикесінің (мейіргер) жұмысы»,«Созылмалы инфекциялық емес және әлеуметтік мәні бар аурулардың  алдын-алу МСАК мейірбике рөлі», «Шұғыл жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы» атты циклдар өткізілді.


03.10.2016.-15.10.2016 жылы ақылы негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар», «Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетудің жалпы мейірбикелік технологиялары» атты циклдар өткізілді.


19.09.16.-01.10.16. аралығында  мемлекеттік негізде  «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушерия ісі» мамандығы бойынша «Работа медицинской сестры врача общей практики», «Оказание неотложной помощи при острых формах ИБС, мозговом инсульте. Основы электрокардиографии», «Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии» атты циклдары өткізілді.


05.09.16.-19.09.16. аралығында ақылы негізіндегі «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Сестринские технологии при оперативном лечении хирургических заболеваний и травматических повреждений», «Неотложная доврачебная помощь на догоспитальном этапе», «Работа участковой медицинской сестры ПМСП»

атты циклдар өткізілді.