Колледждің студенттік кәсіподағы

Амантаев Данияр Ерболатұлы – Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы. 

1997 жылы мамыр айының 10 шы жұлдызында 2000 жылдық тарихы бар Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі қазіргі таңда орта 2013 жылы Жамбыл медициналық колледжіне «Емдеу ісі» мамандығына түсіп, 2017 жылы маман иесі болып шықты. 2017-2019 жж аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Түберкүлезге қарсы диспансерінде «Анестизиология және реанимация» бөлімшесінде анестезист мейіргері болып қызмет арқарған. 2019 жылы қыркүйек айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде қызмет арқарады.

Жетістіктері:
Дала дауысы байқауы «Вокал» номинациясы бойынша 1 орын иегері, «Үздік көшбасшы -2019» Қалалық пікірсайыс байқауының 2 орын иегері. Денсаулық сақтау саласы «Үздік – алғашқы көмек көрсету» байқауының 3 орын иегері. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Зияткерлік ойын байқауында 2 орын иегері.