«Болашақ – білімді жастардың қолында»

13. 10. – 15.10 2022 жыл аралығында Республика күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру бойынша колледж кітапханашыларының тәжірибе алмасуына жағдай жасау, білім беру құзыреттілігін, оқу мәдениетін арттырудың инновациялық жолдарын жетілдіру және білімгерлердің оқу сауаттылығын арттыру мақсатында Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында «Болашақ – білімді жастардың қолында» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар өтті.

Республикалық семинарда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Бегалиева Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Болашақ – білімді жатардың қолында» атты колледж кітапханашыларына іс – тәжірибе таратып, қолдау білдіргені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.