«Біз ЖИТС-ке қарсымыз !» тақырыбында семинар тренинг

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының және
«Жаңа Ру» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен а.ж 28 қазан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу мақсатында «Біз ЖИТС-ке қарсымыз !» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.Семинарға Жамбыл Жоғары Медициналық коллежжінің «Жұқпалы аурулар » пәні оқытушылары Блейменова Ботакоз Бекайдаровна, Батанова Ақерке Ерланқызы спикер ретінде шақырылып, тақырыпқа байланысты оқытушылар АИТВ/ЖИТС аурулары жайлы студенттерге толық мағлұмат берді. ЖИТС-тің алдын-алуы жөнінде өте маңызды ақпараттар беріліп, семинар тренинг пікірталасқа ұласты. Студенттер көкейтесті біршама сұрақтар қойып, оқытушылардан толық жауаптар, мағлұматтар алды.