«Бір ел – бір кітап акциясы»


2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ж. Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай және ҚР Тәуелсіздігінің мерей тойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 3️⃣0️⃣жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік- патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, студенттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты арттыру, сонымен қатар жас ұрпақты интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.