Білім сапасы және мониторинг бөлімі

«Білім сапасы және мониторинг бөлімінің» негізгі қызметі мен мақсаты: колледждің білім беру қызметінің сапасын арттыру, оны бақылау, болжау, бағалау, өңдеу және мониторинг жүргізу. Яғни, студенттердің білім алу сапасы мен оқытушылардың білім беру сапасын тексеру және сабақ жіберген студенттердің сабағын уақытылы тапсыруға жағдай жасау.

Барлық емтихандар, сараланған сынақтар осы мониторинг бөлімінде өткізіледі.
Сабақ жіберген студенттер колледждің электрондық кітапханасына кіріп, қалған тақырыптарына дайындалып, оқытушының қатысуынсыз мониторинг бөліміне келіп тест тапсыра алады және автоматты түрде компьютер арқылы бағаланады.

Қазіргі таңда колледждің электрондық кітапханасында барлық пәндерден дәрістер, электрондық оқулықтар енгізілген.
https://old.hmc.zhambyl.kz:23190/mc/testcontrol тестілеу базасына барлық пәндерден тақырыптар бойынша тесттер енгізілген.

Сонымен қатар мониторинг бөлімінен директорлық қима бақылау алынады.Ол топтың білім алу сапасын, пәннің сапасын және оқытушының білім беру сапасын тексеру мақсатында алынады.

2018-2019 о.ж үлгерімі және білім сапасы

2019-2020 о.ж үлгерімі және сапасы

2020-2021 о.ж үлгерімі және сапасы I жартыжылдық