«Балауса» қыздар клубы

18.10.2022 ж. күні «Балауса» қыздар клубының ұйымдастыруымен, қазақ қызының бойында сұлулықты, әсемдікті, өзіне және айналасына деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында «Адамдық – ақылда, сұлулық жүректе» тақырыбында қыздарға арналған дәріс өткізілді. Дәріс барысында колледжіміздің фельдшеры:С.Амантаева студенттерге жеке бас гигиенасын сақтау, өз денсаулығына жауапкершіліпен қарауға кеңес берді. «Балауса» қыздар клубының төрайымы: М.Иса қыздар клубының мақсат, міндеттерімен таныстырып, жылдық жоспарға студенттердің беретін ұсынысы мен жаңа идеялары жайлы сұрады. Қатысушылар алдағы уакқытта қыздармен еркін тақырыпта пікір алмасулардың жиі өткізілгенін қалайтындарын жеткізді.