Балалар мен жасөспірімдер орталығында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы»тақырыбында іс –шара

Балалар мен жасөспірімдер орталығында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы»тақырыбында іс –шара өткізілді.
Өткізілген іс-шараның басы ҚР Әнұранмен басталды. «Сымбат би» тобы мың бұрала Жетіген қазақ биімен ортаға шығып өз өнерлерін көрсетті.«Үкілі домбыра» үйірме оқушылары«Нәр ағашы»халық күйін нақышына келтіріп орындай білді.Қазыбекқызы Айару Елбасына арнау өлеңін тарту етті.«Хор» үйірме оқушылары «Тәуелсіз ел»әнін шырқап көрермен жүрегінен орын ала білді.«Күй-керуен»үйірме оқушылар Көбейқұл Нұртас пен Джубаева Ұлбосын «Сал күрең» халық күйін, «Дәстүрлі ән» үйірмесінің оқушысы Омаров Берік Нұрымның жырауы Насихат сөзі термесін орындады.«Сөз зергері»үйірме оқушылары Пірімқұл Аяна «Президент»өлең шумақтарып арнап,«Хор»үйірме жетекшісі Пиналиева Диана«Алғыс»әнін шырқады.