«Бақытты отбасы» тақырыбында тренинг

7.02.2019 ж.  колледж психологы: А.Н. Оскенбаева  «Бақытты отбасы» тақырыбында барлық 1 курс студенттерін қамтып тренинг өткізілді.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты деп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Сөйлемді аяқта», «Менің таңдауым» жаттығулары студенттер орындаса, «Ең маңыздысын ұмытпа!» тақырыбында аңыз оқылып, студенттер өз ойларымен бөліссе, әрі қарай  «Отбасы құндылықтары» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, студенттер отбасы макетін жасап, қорғады. Тренинг соңында «Отбасын жылуын сөндірмейік!» жаттығуында шам жағылып тілектерін айтып, бір-бірлеріне тіледі. Тренинг өз мақсатына жетті.