Байқау

«Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасынының» волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталды.☑️

Волонтер-медиктер, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларын ұсынып, ақшалай қолдау алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Гранттардың жалпы сомасы 9 000 000 теңге. Байқау шеңберінде 300 000 теңге сомасына 30 шағын грант жеңімпаздары анықталады.

Шағын грантқа өтінім беру мерзімі: 01.06.2022ж. – 14.06.2022ж. аралығында.

Барлық сұрақтар бойынша:

8 708 679 9813 Өмірбай Мөлдір Құдайбергенқызы-волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша менеджер

Байқау ережесінің толық нұсқасын @qazmed_jastary профиліндегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Жоба республикалық деңгейде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ @cisc_official мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.