«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы»РҚБ«2022 жыл –Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастырады.
Байқауға қатысушылар:қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосуды мақсат еткен 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер.
Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер және шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынайды.
Байқаудың мерзімдері:
– Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын altyn.saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін(қоса алғанда)жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымша)жолдауы қажет;
– Байқау шығармалары–2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
– Байқау қорытындысы–2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;
– Байқау қорытындысы бойынша 2 бағытта жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.
Жеңімпаздарды маразматику:
Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІжүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.
28.06.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Жолың болсын, жас маман!» тақырыбында түлектерге диплом тапсыру рәсімін өткізді. Мерекелік жиында оқудағы үздік білімі, үлгілі тәртібі мен қоғамдық іс-шараларға ат салысқан белсенділерге «Үздік студент», «Оқу үздігі» номинациялары бойынша медаль мен алғыс хат беріліп, диплом табысталды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі. Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова Құрмет Грамотасымен марапатталды.
«Жамбыл облысы мейіргерлер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ. Ұлт саулығы жолындағы жауапты қызметі, медициналық білімі бар мамандар даярлауға қосқан зор үлесі және ізгілік, адамгершілік, абырой үшін колледж оқытушылары А.М.Нурбаева, А.Т.Парманова «Шарапат» төсбелгілерімен марапатталды.
«AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан үлесі және медицина саласындағы қызметтік міндеттерін атқару жолындағы нәтижелі еңбегі үшін “Медицина қызметкерлері күні” мерекесіне орай, Б.С.Мадимарова, О.А.Махамбетова, Ж.Ш.Ибраев, А.С.Атамбаева, Г.А.Жиембетова Құрмет грамотасымен марапатталды.
20.06.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” комиссиясының жоспары негізінде “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында №1 арнайы пәндер ЦӘК мүшелері іс-шара ұйымдастырды.
15.06.2022 жылы Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ПД ӘЗЗҚ тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Д.А. Кинжеханова, полиция майоры А.Б. Мусаева, әйелдерге әлеуметтік көмек көрсету орталығы кабинетінің психологы Р.М. Омарова және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинетінің психологы А. Қадыр «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарында колледж студенттерімен кездесіп, дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
14.06.2022 жылы Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Қ.Ш. Белгибаев, полиция майоры А.А. Каукешовалар және кинолог мамандар колледж студенттерімен кездесіп, «Есірткісіз болашақ» «Есірткінің зардаптары» тақырыптарында көрініс көрсетіп, дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8.06.2022 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде
Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша, «Көркем сөз – көрікті ойдың жемісі» тақырыбында 102 топ «Мейіргер ісі» студенттермен «Сoworking» орталығында кездесу өткізілді.
Мақсаты: Студенттердің қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, адамгершіліктері жоғары, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттерін бойына кітап арқылы баулу.
08.06.22 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі, әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Әдістемелік кеңес» өтті.
Күн тәртібінде:
1. «Мейіргер ісі » мамандығы, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша және «Лабораториялық диагностика» облыс мектептерінде кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізу.