Ашық тәрбие сағаты

30.11.2021 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Емдеу ісі» бөлімі, 125 топ кураторы А.О.Бейсенбаева «Менің елім – менің Президентім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту; Тұңғыш президент үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу; жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді және 30-жылдық жетістіктерімізді паш ету; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне деген құрмет, патриоттық, азаматтық, жауапкершілік сезімдерге баулу.