Ашық сабақ

11.03.2019 жылы  «№3 арнайы пәндер ЦӘК мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы  Г.С. Токкулиева  «Емдеу ісі» бөлімінінің 212 топ студенттерімен  «Қарапайым физиотерапия»  тақырыбында  ЦӘК  ішілік ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге  қарапайым физиотерапия  емшараларын  іс-тәжірибе барысында өткізу  әдістемесін, техникаларын дұрыс жасай білуді дамыту, туындайтын асқынулар және қауіпсіздік ережелерін сақтауды таныстырып, түсіндіру. Медициналық сүліктерді қолдануды  үйрету, пайдаланған сүліктерді жоюды көрсету. Озокеритті, парафинді  қолдану көрсетімдері мен қарсы көрсетімдерін түсіндіру. Озокеритті, парафинді қолдану әдістерін, туындайтын  асқынулар және қауіпсіздік ережелерін сақтауды таныстырып, түсіндіру.