Ашық есік күні

16.05.2019 ж. 15 – мамыр  «Халықаралық  Отбасы»  күніне  орай  Жамбыл  медициналық  колледжінде  «Ашық  есік  күні»  ұйымдастырылды. Ашық  есік  күні  қабылдау  жүргізгендер: колледжіміздің  директоры  Ж.Н.Сарыбекова, тәрбие  бөлімінің  меңгерушісі  Л.К.Мейрманова, ҚБАЖ  меңгерушісі  Усенов  Р.Б, колледж  психологы  А.Н.Оскенбаева, колледж  заңгері  Т.Н.Нышанбеков  студенттерді  түрлі  ұсыныс – тілектерімен, шағымдарымен  қабылдап, жастармен  етене  араласып, оларды  мазалап  жүрген  түрлі  мәселелермен  бөлісті.