«Арыңды сақта, бойжеткен!»

17.01.2019 ж. Қатысқандар: Қазбекова  Светлана  Юрьевна-№2 Аналар үйінің координаторы, колледж психологтары: А.Н.Оскенбаева, Н.Е.Мұхамодиева.
Тақырыбы: «Арыңды сақта, бойжеткен!».
Мақсаты: әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
С.Ю.Қазбекова: «Ана үйі» жобасында қазіргі таңда аналар үйінде өмір сүріп жатқан жасөспірімдердің өмірлерінің бір көріністерін сипаттап, түсіндіріп өтті. Аналар үйіне қандай адамдар келетінін төмендегідей түсіндіріп өтті.
Біз кімдерге көмек көрсетеміз: қиын жағдайға тап болған және баладан бас тартуға ниет білдірген,, 18 айға дейінгі баласымен немесе жүктіліктің 3 – ші триместіріндегі 30 жасқа дейінгі жас қыздарға көмек көрсетіледі.
Біз қандай көмек көрсетеміз:

  • Тұрғылықты орынмен қамтамасыз ету;
  • Психологиялық қолдау көрсету;
  • Медициналық көмек;
  • Құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы рәсімдеу;
  • Білім беру;
  • Жұмысқа орналасуға көмек көрсету, іс-тәжірибеден өту;

Өйткені қыз ғұмыр бүршік жармай жатып солса, бойдағы бала бұл дүниені көрмей-ақ қандауырға ілігіп кетуі ғажап емес. Оған дәлел –елімізде жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жеткіншектердің арасында 20 мыңнан аса жүктілік тіркеліп, оның жартысына жуығы аборт жасатумен аяқталады. Ерте жастан ана атану – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселе. Оңы мен солын айыра алмайтын қыздардың мойнына аналықтың жүгі ерте артылған сайын, оның болашағы бұлыңғыр болады. Өйткені ерте жүктілік ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Әлем бойынша  70 мыңға жуық жеткіншек босану кезінде бұл дүниемен қош айтысады екен. Тіпті аман-есен босанды деген күннің өзінде, бала денсаулығында ақау болу ықтималдығы жоғары. Екіншіден, бойға бала біткеннен бастап, оған сабақты тастауға тура келеді. Орта мектептің өзін бітіре алмаған жас қыздың ертеңгі күні жоғары білім алуы екіталай.Үшіншіден, қыз баланың құқықтары шектеледі. Өйткені кәмелетке толмай жүкті болған қызға көп жағдайда ата-анасы қысым көрсетіп, қоғам қырын қарайтыны белгілі деп сөзін аяқтады.