Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.
Бейне-дәрісті төмендегі сілтеме арқылы өтіп көруге болады: