«Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафета жарысы

15.05.2019 ж. сағат 1200-де  Жамбыл  медициналық  колледжінің спорттық алаңында 15  мамыр – Халықаралық  отбасы  күніне орай ұйымдастырылған салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафета жарысы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша: Бас жүлде «Қыран», I орын «Болашақ», II орын «Тұлпар», III орын «Алау» тобы иеленіп, арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.