Әдістемелік мектеп отырысы

«Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында жас мамандар семинары болып өтті.
Мақсаты:
Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру және тәжірибелі оқытушылардың сабақ өткізу әдістемесінің қыр-сырымен таныстыру мақсатында практикумдар өткізу, оқытушыларға әдістемелік көмек беру және жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу.
1.Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың негізгі (формасы) түрі.
Жауапты: Әдіскер Л.К.Батаева, Ж.Р.Алтынбекова, Ж.А.Токташева.
2. Cтуденттердің «Мейірбике ісі» пәндерінен өзіндік жұмыс жүргізу қабілетін дамыту жолдары. Практикум.
Жауапты: О.А.Махамбетова.
3.Фармацевтикалық пәндер бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері. Практикум.
Жауапты: Ұ.М.Ахметова.
4. Студенттердің білімін, біліктілігін, дағдыларын бағалау. Бақылау түрлері.
Жауапты: тәлімгер Д.Н.Тоқсанбаева.
Семинарда әдіскерлер Ж.Б.Иманбекова, Л.К.Батаева және тәжірибелі оқытушылар О.А.Махамбетова , Ж.Р. Алтынбекова, Ж.А. Токташева, Д.М. Тоқсанбаева өз іс тәжірибелерімен бөлісті.