Адам саудасы – ауыр қылмыс

5.11.2020 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, 20 қазан-20 қараша аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күні аясында және «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында «Адам саудасы – ауыр қылмыс» тақырыбында қашықтықтан кездесу өткізілді. Кездесу қонақтары: Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ аға инспекторы, полиция майоры Н. Батырханов пен ЖРО жастар ісі жөніндегі инспекторы Тұрдалы Таңшолпан Әлібекқызы қоғамда орын алып жатқан құқықбұзушылықтарды, адам саудасының өзекті мәселе екендігін ескере отырып, колледж студенттерін құқықбұзушылықтар жасамауға шақырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.