«Абай – дана, Абай – дара қазақта!» колледжішілік байқауы

13.02.2020 ж. Колледжде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған  «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» колледжішілік байқау өткізілді. «Болашаққа Абай болып аттанамын….. » Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту номинациясы бойынша бас жүлдені «Мейіргер ісі» бөлімі, 204 топ студенті Сейітхан Серікхан, ІІ орынды «Мейіргер ісі» бөлімі, 207 топ студенті Отаргали Айдана, ІІІ орынды «Мейіргер ісі» бөлімі, 205 топ студенті Камал Жеңісай иеленді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындау атты номинациясы бойынша бас жүлдені «Мейіргер ісі» бөлімі, 106 топ студенті Кенжеш Дариға, ІІ орынды «Мейіргер ісі» бөлімі, 103 топ студенті Масабаева Махаббат, ІІІ орынды: «Мейіргер ісі» бөлімі, 104 топ студенті Жүсіпова Ұлдана. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…..»  номинациясы аясында ақын өмірінен,  ақын поэмалар негізінде өздері дайындаған  сценарийлері арқылы қойылым бойынша  бас жүлдені «Мейіргер ісі» бөлімі, 106 топ, ІІ орынды «Мейіргер ісі» бөлімі, 103 топ, ІІІ орынды: «Мейіргер ісі» бөлімі, 104 топ студенттері иеленді.