“Абай әлемі” тақырыбында «Абай оқулары» байқауы

30.11.2019 жылы Колледжде «Рухани дамыту» орталығының ұйымдастырумен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  “Абай әлемі” тақырыбында  «Абай оқулары» байқауы өтілді. Мақсаты: Ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Байқау үш номинация бойынша:
Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа айту.
Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындау.
Үшінші номинация: «Ұрпақтарың есіне алып өзіңді Жауһар жырмен мүсініңді сомдайды» поэмалардан үзінді көрініс.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
Бірінші номинация бойынша: 1орын 106 топ студенті  Амантаева Фариза, 2орын 103топ студенті Тақымай Қаламқас, 3орын 101 топ студенті Еркін Инабат иеленді.
Екінші номинация бойынша: 1орын 104топ студенті Жүсіпова Ұлдана, 2орын 103топ студенті Тілеубергенова Айдана иеленді.
Үшінші номинация бойынша: 1орын 103топ, 2орын 101топ. Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.