Бітірушілердің білімі мен дағдыларын бағалау

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №ҚР ДСМ-46 «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құзыреттердің  – білім мен дағдылардың қалыптасу деңгейін бағалау жүргізілетін болды.

Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау 2 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) білім алушылардың Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша теориялық білім деңгейін компьютерлік жолмен анықтау
  2. дағдыларды бағалау – білім алушылардың Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау.

Білім мен дағдыларды бағалауға медициналық білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылары жатады. Қорытынды аттестаттау кешенді емтихан түрінде өткізіледі және 2 кезеңнен тұрады: 1 – білімді бағалау, 2 – дағдыларды бағалау. Бірінші кезеңнен өту баллы – тест сұрақтарының жалпы санының 50% -ын құрайды. Бағалаудың бірінші кезеңінің нәтижесімен келіспеген жағдайда, білім алушыға бағалаудан кейін 24 сағат ішінде апелляциялық өтініш беру құқығы берілді.

Аталған ережелерге сәйкес колледждің «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі «Фельдшер», «Акушер», «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» 4 курс студенттері Қорытынды мемлекеттік аттестацияның 2 кезеңін симуляциялық орталықтың клиникалық станцияларында тапсырды.

  1. Жараларды таңу және таңғыш салу
  2. Жарақаттарда шұғыл көмек көрсету.
  3. Парентеральды инъекциялардың техникасы
  4. Манипуляцияларды түсіндіру бойынша коммуникативті дағдыларды бағалау.
  5. Жүректің кенеттен тоқтауы кезінде жедел көмек көрсету. Жүрек-өкпе реанимациясы.

Клиникалық станциялардағы студенттердің тәжірибелік дағдыларын колледждің санатты оқытушылары және Жамбыл облысының, Тараз қаласының медициналық ұйымдары тарапынан белгіленген штаттан тыс оқытушылар – дәрігерлер, бас мейіргерлер бағалады. Медициналық мекемелердің бас дәрігерлері Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының  бастығы М.С.Жұманқұловтың бұйрығымен Қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағалары болып тағайындалды. Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың оң нәтижелері біліктілік деңгейі көрсетілген диплом беруге және  маман сертификатына өтініш беру үшін негіз болып табылады.