85 жыл: даралық пен даналық жолы

12.02.2021 ж. онлайн режимінде 85  жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған   Білім мен ғылымның қара шаңырағы – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің құрылғанына 85 жыл мерейтойына   «85 жыл: даралық пен даналық жолы» тақырыбында іс-шараға колледж ұжымы, ардагерлер, студенттер, түлектер қатысты. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова  колледж тарихына шолу жасап,  колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова барлығын атаулы күнмен құттықтап, колледжге толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар, колледж ардагері Коңырова С.Қ.,  түлектеріміз Калибек Д., Алимкулов Ә. құттықтауларын жолдады. Студенттер колледж туралы өлең шумақтарын арнап, колледж Гимні орындалды.