7 мамыр – Отан қорғаушы күні

Құрметті Жамбыл медициналық колледжінің ер-азаматтары, Сіздерді  7 мамыр – Отан қорғаушы күні мейрамымен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне ардақты ер азаматтарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтып, баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын дегіміз келеді.! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын!   №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану пәндері ЦӘК ұйымдастыруымен «Ерлер – жердің қорғаны, ел тұтқасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова мерекемен шын жүректен құттықтау сөздерімен ашты. Сонымен қатар колледж ұжымына кәсіподақ төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлова шығармашылық табыстар  тілей отырып, сыйлықтар табыстады. Іс-шарада әсем  ән  шырқалып, би биленді. Колледж ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.