27.09.2018 жылы КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» кәсіптік бағдар беру маманы Нургали Н. және оқытушыларымен бірлесе Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жоспарлы түрде қыркүйектің 27 күні Жамбыл ауданы ауылдарын аралап, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға кәсіптік бағдар беру маманы Нургали Н. Мен КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» оқытушылары қатысты. Олар Аса ауылында: «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі», «№1 орта мектебі» және «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі», Еңбек ауылында: «Еңбек орта мектебі», Тастөбе ауылында: «Әкім Тарази атындағы тірек мектебі» акт залдарында 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары, ерекшелігі, маңызы жайлы ақпарат  берілді. Колледж жайлы кыскаша бейнеролик көрсетілді. Аймақтық симуляциялық орталықтың тренер-оқытушысы Ержанов Бауыржан Тиыштықбайұлы мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «жүрек-өкпе реанимациясын», оқытушы Оңғарбаева  Айнұр Сағындыққызы «Естен тану» тақырыбында тәжірибелік дағдыларды көрсетті.

 

Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Соңында оқушылдарға колледждегі мамандықтар туралы кағаздар  таратылды.

Жалпы аудан бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына 5 орта мектептен 9-11 сыныптан 254 оқушы қатысты.