26.03.2018-28.03.2018 жылы «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК-да онлайн режимде 3 күндік ашық есік күні өтті

27.03.2018 ж. Колледждің симуляциялық орталығының клиникалық станцияларында №3 арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы, №2 жалпы кәсіби пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушылары онлайн режимінде Республиканың 12 мемлекеттік колледжіне Шебер –класс өткізді. №5 клиникалық станцияда Б.Т. Ержанов “Кенеттен жүрек тоқтауында көрсетілетін төтенше шұғыл көмек. Негізгі жүрек-өкпе реанимациясы” (орыс тілінде) өтті. №3 клиникалық станцияда Ескебекова З.С., Мұқажанова Р.Ж. “Анафилактикалық шокта медициналық көмек көрсетуін”, №9 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж. “Артериялық қан кетуді тоқтатуын” көрсетті. №8 клиникалық станцияда Парманова А.Т. “Жаралардың алғашқы өңдеуін өткізу және таңғышты қолдануы”, №6 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж.Тоқташева Ж.А. “Парентералдық инъекция техникасын” көрсетті. Шебер-класстар өте жоғары деңгейде өткізілді.