Ашық сабақ

01.11.2022 жылы №1 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндерінің ЦӘК оқытушысы Жұмағазы Жұлдыз Шалқарбекқызы «Қазақ әдебиеті» пәнінен «Емдеу ісі» бөлімі 115 топ студенттеріне «М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сынамалы сабақ өткізді.
Сынамалы сабақтың негізгі мақсаты: М.Әуезов өмірімен таныстыру және жазушының шығармашылығына шолу жасау. М.Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып, студенттерді елін, жерін сүюге, алдыңғы буын әдебиет өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттердің өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Сабақта жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс-тәсілдер қолданылды, жалпы сабақ өз мақсатына жетті.